ДИКТОР: Ақмола облысының кәсіпорындары жылына 300 мың тоннаға жуық сүт өнімін өндіреді. Солардың бірі Целиноград ауданына қарасты Жарлыкөл ауылында орналасқан. Ширек ғасырдан астам «Астана өнім» компаниясы табиғи өнім дайындаумен айналысып келеді. Кәсіпорнының басты ерекшелігі – «Танаптан сөреге дейін» принципі бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорында 400-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың әрқайсысы жемазық дайындаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі маңызды кезеңге жауапты.
РКС: Кәсіпорындағы жұмыс жыл он екі ай тоқтаусыз. Маусым ауысқанымен өндіріс процесіне демалыс жоқ. Көктемде мұнда егіс науқанына дайындық қызады. Малға қажетті жемазықты өздері дайындайды. 20 мың гектар алқапқа арпа, бидай, сұлы, көпжылдық шөп пен бұршақ дақылдары егіледі.
СНХ: АСЛАН СИПУЛЬДИН, «АСТАНА ӨНІМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС АГРОНОМЫ: Мамырда басталатын көктемгі егіс науқанына дайындалып жатырмыз. Мамырдың 10-нан кейін танап басына шығуды жоспарлап отырмыз. Шетелдік John Deere техникамыз бар. 4 кешен тұқымды сапалы себуге мүмкіндік бермек. Тексерістен өткен тұқымды пайдаланамыз. Оның бәрі егіс сапасына сәйкес келеді.
РКС: Кәсіпорында 2 мыңға жуық бас мал бар. Аумақта мал шаруашылығы базасы, бұзау қамайтын орын, сүт сауу залы, сүтті қайта өңдеу зауыты орналасқан. Жекеменшік жемазық базасы жануарларға берілетін тәуліктік азық мөлшерлемесін толықтай бақылауға мүмкіндік береді.
СНХ: ИВАН ФЕДЕНКО, «АСТАНА ӨНІМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ЗООТЕХНИГІ: Жеке жемазық базамыз бар. Ол жерде шырынды, қоспалы, ақуызы жоғары энергетикалық жем дайындалады. Бұл біздің кәсіпорындағы жануарларға жемазық берудің мөлшерлемесін дербес теңестіруге мүмкіндік береді. Экологиялық таза жемазық бере отырып, біз тұтынушылардың қалаған сүтін өндіре аламыз. Сондықтан біздің сүт табиғилығымен танымал.
РКС: Кәсіпорын тәулігіне 19 тонна сүтті қайта өңдеуді. Сиырлар үш мезгіл сауылады. Одан соң сүт зертханаға жіберіледі. Ол жерде сапа қатаң бақылаудан өтеді.
СНХ: БОТАГӨЗ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, «АСТАНА ӨНІМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГЫ: Көбіне тұтынушылар өнімді сатқан кезде оның артында қаншалықты жұмыстар атқарылатын түсіне бермейді. Сол себептен бүгін біз кішкене шолу жасамақшымыз. Ең алдымен біз сүтті бір таңертең 7-7:30 аралығында алып аламыз. Яғни бізге арнайы өзіміздің көлігіміз арқылы сүт тасымалданады. Сол арқылы сүтті алып, біз өзімізге кішкене проба алып қоямыз. Сол проба арқылы, біз сүттің ең алдыменгі физикалық химиялық көрсеткіштерін анықтаймыз.
РКС: Тексерулердің барлық кезеңінен соң шикізат қайта өңдеуге жіберіледі. Кәсіпорында сүт өнімінің 30-дан астам түрі шығарылады. Өндірістің ерекшелігі – ұлттық сусын – қымыз бен шұбат. Ол үшін мұнда жылқы мен түйе өсіріледі.
СНХ: ҚАЙРАТ СЫЗДЫҚОВ, «АСТАНА ӨНІМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Біз жемнің сапасын, мал басының денсаулығын, қайта өңдеуді және сатуды жем өндіруден бастап, жануарларға дейінгі барлық кезеңде толық бақылаймыз.Осылайша біз өнімдеріміздің табиғилығы мен жоғары сапасына кепілдік бере отырып, бүкіл жеткізу тізбегін толық қадағалаймыз.
РКС: Кәсіпорында еңбек ететіндердің дені жергілікті тұрғындар. Тұрақты табыспен қатар туған өлкенің өркендеуіне сүбелі үлес қоссақ,-дейді олар. Компания барлық қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Бапспанамен қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл кәсіпорын еліміз бойынша сүт өнімдерін өндіретін ТОП-30 өндірушінің қатарында.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ