ДИКТОР: Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 16 облысынан үздік спортшылар жиналды. Дүбірлі дода рапид және блиц бағдарламалары бойынша өтуде.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Чемпионатқа барлығы 170-ке жуық спортшы қатысып жатыр. Қатысушылардың құрамы шамалас бөлінген, жартысын ерлер құраса, қалған бөлігі әйелдер. Бәсекеге жиналғандар еліміздің әр өңірінен келген тәжірибелі ойыншылар. Олардың қатарында республикалық және халықаралық деңгейде жетістікке жеткен спортшылар да бар. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті күшейтіп, әр партияның тартысты өтуіне ықпал етуде.

СНХ: ЖҰМАТАЙ ӘБІЛҚАСОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: 30-дан астамы халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 10-нан астамы спортқа еңбек сіңірген шеберлер. Және спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысып отыр. Чемпионаттың ерекшелігі биылғы өтейін деп отырған әлемдік дода ол ең бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғыстанда өтетін, сосын Әлем чемпионаты қыркүйек айында, оның алдында әлем кубогы өткізіледі. Осы 3 додаға іріктелініп алынып, соған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республика құрамасының намысын қорғайды деген сөз. Біздің Бурабай өңірінде 10 жыл үзілістен кейін бұндай үлкен дода бірінші өткізіліп отыр.

РКС: Спортшылар рапид және блиц бағдарламалары бойынша өзара мықтыны анықтауда. Рапид – жылдам форматтағы ойын түрі. Бұл кезеңде әр спортшыға ойлануға көбірек уақыт беріліп, партиялар стратегиялық тұрғыдан терең өтеді. Рапид турларында ойыншылар 10-25 минут аралығында уақытты пайдаланып, дәл шешім қабылдауға тырысады. Ал блиц болса, шапшаң форматтың бірі. Мұнда әр ойыншыға небәрі 3-5 минут уақыт беріледі. Сондықтан блиц форматында жылдам ойлау, шұғыл шешім қабылдау, және дәл есеп жүргізу маңызды рол атқарады. Ерлер мен әйелдер жарысты бөлек санаттарда өткізеді. Рапид санаты бойынша 9, блиц санаты бойынша 11 тур ойналып, жалпы нәтижелер арқылы жеңімпаздар анықталады.

СНХ: КӘУСАР ЖАРБОЛҚЫЗЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ): Мен Солтүстік Қазақстан облысынан боламын. Мен тоғызқұмалақты 5 сыныптан бастап ойнаймын. Қазір 1 курспын, жасым 16-да. Және де бүгінгі рапит ойынында бір тур өтті. Бірінші турда өкінішке орай жеңіліп қалдым, бірақ алдыңғы турларда женемін деп отырамын. Көңіл күйім қазір 50 де 50, бірақ қатты көңілімді түсірмеймін. Келесі ойындарда жеңемін деп ойлаймын.

РКС: Жарыс 26 сәуірге дейін жалғасады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ