ДИКТОР: Демалыс күндері жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ірі турнир ұйымдастырылды. Аталған жарыс қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына арналып отыр. Байрақты бәсекеге 150-ге жуық балуан қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қажымұқан Мұңайтпасұлы - француз және еркін күрестен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Аты аңызға айналған қазақ балуаны. Ол 1910-1911 жылдары Аргентина мен Ыстамбұлда өткен еркін күрес біріншіліктерінде жеңіске жетіп, Америка чемпионы атанды. Қазақ балуаны 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалаған. Жарыстың құрметті қонағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының шөбересі Әйкен Мұқан болды.
СНХ: ӘЙКЕН МҰҚАН, ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ: Қаланың ішінде өте бір жақсы, керемет іс-шара өткізіліп жатыр. Осыны өткізіп жатқан төрешіге рахмет айтамын. Ерекше күрес болып жатыр. Соның құрметін көруге әдейілеп келіп тұрмын.
РКС: Биылғы турнирге Астана, Ақтөбе, Павлодар, Екібастұз қалаларынан және Солтүстік Қазақстан өңірінен еркін күрес шеберлері келді. Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған республикалық турнирді балуандар үлкен спортқа жетелейтін баспалдақ деп санайды.
СНХ: РАМАЗАН ӘДІКЕНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен үшін орын үшін таласып жатырмын. Жарыс өте жақсы өтіп жатыр. Енді үшінші орын бұйырады деген үміттемін. Көңіл күйім күшті.
РКС: Жарыс соңында қатысушыларға медальдар мен грамоталар табысталды. Үздік деп танылғандар кубоктарға ие болды.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ