ДИКТОР: Тіл мәртебесі – ел мәселесі. Себебі тілі мен ділін ұмытқан ұлттың болашағы бұлыңғыр. Көкшетауда аймақ ұстаздарының қатысуымен ауқымды тіл форумы өтті. Жиында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен жаңа бағыттар талқыланды.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі берік екенін жеткізген еді. Осы бағытта тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен, бұл сала әлі де тың тәсілдер мен заманауи көзқарасты қажет етеді. Тәрбие - тал бесіктен басталады, ал оны жүйелі қалыптастыруда ұстаздардыңдың ролі ерек, - дейді мамандар.
СНХ: ШЕРУБАЙ ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Жалпы кәсіп, мамандық таңдауда, баланың ана тіліне деген құрметінің артуына ұстаздың алатын орны айрықша. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді жақсы меңгеруі осы білім жүйесінен, мектептен басталады. Балалар дұрыс білім алса, тілді жақсы меңгерсе, мемлекеттік тілге деген құрметі бала жасынан қалыптасады. Мектепте қазақ тілі пәні жақсы оқытылса, мазмұнды оқытылса, онда мемлекеттік тілдің болашағына алаңдамауға болады.
СНХ: НАҒИМА ІЛИЯСОВА, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Қазақ тілін дамыту мәселесі тікелей оқыту мәселесімен байланысты. Қазақ мектептерінде грамматикаға басымдық беру керек, ал орыс мектептерінде сөйлеу дағдыларын дамытатын әлемдік методиканы қолға алуымыз керек.
РКС: Ал ұстаздар қауымы цифрлық технологиялар дәуірінде жастардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа форматтағы білім беру тәсілдерін жаңарту қажеттігін алға тартты. Яғни, қазақ тілін жаһандық технологиялармен ұштастыру керек,-дейді.
СНХ: ЛЕНА УАТХАН, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ: Қазіргі жастар жасанды интеллектіге өте бейім. Қазір балалар тик-ток, инстаграм желісін жақсы көреді. Әдетте біз тек мәтіндерді оқимыз, ал жасанды интеллекпен оларды жандандырып, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға болады.
СНХ: МАЙРА ЫСҚАҚОВА, ПЕДАГОГ ЗЕРТТЕУШІ: Оқу бағдарламасына сәйкес, білім стандарттарына сәкес жүзеге асыру керек. Әрине әр сабақта оны жүзеге асыру мүмкін емес, дегенмен балалардың эмоциясын, жағдайын ескере отырып, бұл іс-шараны ескере отырып, тілді енгізуге болады.
РКС: Ғылыми деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 7 мыңнан астам тілдің 40 пайызы жойылу қаупінде тұр. Ал «сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы - ана тілдің маңызын айқын көрсетеді. Бүгінде осы аманатты сақтап қалу үшін әр азамат басты құндылығын дәріптеп, өз шыңында ұстап тұруға атсалысуы қажет. Шара аясында мемлекттік тілді дамытуда үлес қосқан бір топ маман Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ