ДИКТОР: Отбасы құндылығын сақтау – қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа Конституцияда неке мен отбасы институтына қатысты арнайы баптың енгізілуі отбасылық саясатты стратегиялық деңгейге көтереді. Ақмола облысында шаңырақтың беріктігін сақтап, өзара қамқорлық пен сыйластықты ту еткен отбасылар жетерлік.
РКС: Нұржан Ысқақов - Ақмола облысы бойынша жалғыз балалар нейрохирургі. 20 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер ауыр отадан кейін үйге шаршап келгенде - отбасымнан рухани күш аламын, екінші тынысым ашылады,-дейді.
СНХ: НҰРЖАН ЫСҚАҚОВ, НЕЙРОХИРУРГ: Отан - отбасынан басталады дегендей, әр адамға өзінің отбасы ең жақын, ең маңызды ортасы болып келеді. Ол ортада әр адам қоғам мүшесі ретінде бақытты болса, қоғам да бақытты болады. Отбасы мықты болса, мықты қоғам болады. Сол балалар отбасында жақсы тәрбие алса, біздің ұлттық қазақ тәрбиемізді алса, енді біз қазақ халқы ұлттық тәрбиеге үлкен мән беретін халықпыз ғой.
РКС: Осыдан 19 жыл бұрын шаңырақ құрған Нұржан мен Мира Ысқақовтар бүгінде 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Үлкендері Дидар 18-де, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Болашақта инженер боламын,-дейді. Ал кенжелері Айтуар 1 жас 10 айда ғана. Былдырлап, енді сөйлеп жүр.
СНХ: МИРА ЫСҚАҚОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, қазақи тәрбиеге көп көңіл бөлеміз. Шаңыраққа кіріп келгеннен бастап қазақша сөйлесуге үлкен көңіл бөлінеді. Кішкентайлар телефон қарап, орыс тіліне жақын. Бірақ біз өзіміз қонақ бөлмесінде болсын таза қазақ тіліне бет бұрып қазақша сөйлесуге тырысамыз. Әкесі дәрігер болғандықтан, анасы ұстаз болғандықтан білімге көңіл аударамыз.
РКС: Бүгінгі қоғамда зорлық-зомбылық, тастанды бала мен қараусыз қарттар мәселесі өзекті. Тек Ақмола облысы бойынша қарттарға арналған 5 мекеме бар. Онда 420 қария пана тауып отыр. Сондықтан «Неке және отбасы» бабы баланың құқықтарымен бірге міндеттерін де заң жүзінде күшейтуге бағытталған,-дейді мамандар.
СНХ: БЕРІК НҰҚИЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Қазір енді қарттар үйіне барсаңыз, басқа ұлттармен бірге біздің қазақ ұлтының да ата-әжелері отырғанын көресің. Осындай болмас үшін бұл «Неке және отбасында» әсіресе көңіл бөлінгені ата-аналарды қартайған ата-аналарды балаларының бағып-қағуы, күтуі ол міндет болып есептеледі. Бұл отбасы институтын нығайтады.
РКС: Нұржан мен Мира Ысқақовтар болса, балаларының қазақы тәрбие алуына үлкен мән береді. Себебі, ата-анаға, балаға деген мейірімділік, отбасындағы татулық сияқты қасиеттердің бәрі ана тілімізде, салт-дәстүріміз бен ұлттық санамызда жатыр,-дейді.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ