ДИКТОР: Өрт қауіпті кезеңңнің басталуына байланысты, өз учаскелерінде қоқыс өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған 6 саяжай иесі жауапкершілікке тартылды. Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шаһардың бір ауданында профилактикалық рейд өткізді. Тексеру барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді.

РКС: Құтқарушылар мұндай шаралар өңірде ауа райының қолйсыздығына байланысты, сіресе желді күндері өзекті екенін айтады. Желдің екпіні санаулы минутта отты үлкен аумаққа таратып жіберуі ықтимал. Ал оның салдарының қаншалықты ауыр екені айтпаса да түсінікті. Мүліктер зақымданып, тіпті адамдардың өміріне де қауіп төнеді.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК МҰҚЫШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Тұрғындарға саяжай алқаптарында үйден 50 метрден жақын жерде қоқыс өртеуге тыйым салынады. Қоқысты бөшкеде өртеу қажет, әрі жанында 10 текше метр суы бар ыдыс және өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Желді күні қураған өсімдіктерді өртеуге болмайды, себебі олар ұшып, басқа учаскелерді қызыл жалын шарпуы мүмкін.

РКС: Учаске иесі Елена Закурнаева мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Жауапсыз саяжай иелерінің қоқысты қараусыз қалған учаскелерге апарып тастайтынын, қауіпсіздік ережелерін сақтамай өртейтінін жиі байқайтынын айтады.

СНХ: ЕЛЕНА ЗАКУРНАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Саяжайды жаңадан сатып алған адамдар учаскелеріндегі барлық шөпті, қоқысты жолдың арғы бетіне апарып тастайды. Арнайы жерге апарғаннан гөрі оларға осылай істеген оңай сияқты. Сөйтіп, бәрін қараусыз қалған саяжайларға үйіп қояды. Ұрсысамыз, дауласып та көрдік. бірақ нәтиже жоқ. Бәрібір солай жалғаса береді. Мысалы, біздің көршіміз де қоқысты үйіп қойған еді, өртеуге жол бермедік. Енді ол бәрін жолдың арғы бетіне апарып, сонда жинайды. Біреу өтіп бара жатып темекінің тұқылын немесе шырпы тастаса болды — өрт шығады.

РКС: Рейд барысында мамандар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Оның көмегімен учаскелердің бірінде түтін анықталды. Оқиға орнында ер адам қауіпсіздік шараларын сақтамай құрғақ шөпті өртеп жатты. Оған мұндай әрекеттердің ықтимал қауіптері мен салдары түсіндіріліп, ескерту жасалды. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау – жай ғана шара емес, бұл адам денсаулығы мен өмірін, сонымен бірге мүлікті сақтап қалудың кепілі екенін ескертеді.

ТОМИРИС ИДРИСОВА ,ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ