ДИКТОР: Көкшетауда мемлекеттік қызметшілерге діни бейтараптылықты қамтамасыз ету және мінез-құлық нормалары түсіндірілді. Спикерлер конфессияаралық диалогтың қоғамдық келісімді нығайтудағы роліне тоқталып, мемлекеттік зайырлылықтың құқықтық негіздеріне де тоқталды.

РКС: Дөңгелек үстел басындағы кездесуге мемлекеттік органдардың, облыстық дін істері басқармасының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Талқылау барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыста белгіленген ережелерді сақтау қажеттігіне ерекше екпін берілді.

СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Әркімнің өз діни сенімі бар. Қазір қоғамда діндар адамдар көп, бірақ біздің мемлекетіміз ең алдымен зайырлы екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, мемлекеттік қызметте, әрине, мемлекеттік қызметшілерге өздерінің діни сенімдерін ашық көрсетпеуін талап ететін белгілі бір талаптар мен нұсқаулар бар. Бұл олардың жұмысына ешқандай әсер етпеуі тиіс.

РКС: Мемлекеттік қызметшілерге аймақтағы діни ахуал жайлы ақпарат беріліп, кәсіби әдептің маңыздылығы жайлы айтылды.

СНХ: ӘСЕТ ӘБЖАҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Халықтың үніне құлақ асатын мемлекеттік жүйемлемасының аясында мемлекеттік қызметкерлердің алдына осындай талап қойылады. Кез-келген азаматпен тіл табысу мүмкіндігін қарастыру керек. Туелділік қасиет өкінбейді, ол біздің мемлекеттік қызметкерлердің түзімділік қасиетке байланысты туындайды. Төзімділік қасиет ол өте керемет қасиет, ол әрбір тұлғаның бойында болуы керек.

РКС: Шара соңында «сұрақ-жауап» форматында ашық дискуссия болды. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, пікірталасқа орай өз ұмыныстарын енгізді.

МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ