ДИКТОР: Көкшетауда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, жоғары техникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы белсенді жұмыс істейді. Онда студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және өз құқықтарын қорғау жолдары үйретіледі.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет білімнен басталады. Сондықтан өңірдегі оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар енгізілуде. «Саналы ұрпақ» клубы – осындай алаңның бірі. Мұнда студенттер теорияны меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде де қолданады.

СНХ: ТЫНЫШБЕК ЕСКЕНДІРОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Осы клуб аясында біз әртүрлі іс-шаралар өткіземіз: дебаттар, дөңгелек үстелдер және жыл бойы жоспарланған басқа да кездесулер. Біздің негізгі міндетіміз – жастарды құқық негіздеріне үйрету, өз құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін қорғай білуге баулу. Клуб жұмысының басты мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру. Біз жастарды өз құқықтарын қорғауға және заңсыз әрекеттерге қарсы тұра білуге үйретеміз.»

РКС: Мұндай бастамалар студенттердің өз құқықтарын жақсырақ түсінуіне көмектесіп, белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді. Жастар сыбайлас жемқорлық көріністерін ажырата білуді үйреніп, ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінеді.

СНХ: ДАРЬЯ ЗЕНКОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазір біз бұл клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытты оқып үйренеміз, яғни оның мән-мағынасын түсінеміз. Негізінен бұл – жемқорлықпен күресу дегенді білдіреді. Бізге жемқорлықпен күресу керектігін үйретеді. Жемқорлық – бұл әділетсіздік, пара алу, көбінесе жоғары лауазымды адамдардың өз қызметін, орнын және билігін теріс пайдалануы. Яғни антикоррупция біз үшін ғана емес, жалпы азаматтар мен бүкіл ел үшін маңызды ұғым. Ол бізді әділеттілік, адалдық, даналық, білім, ақыл сияқты құндылықтарға тәрбиелейді. Мұның бәрі болашақта елімізде, халқымыз үшін әділ қоғам құруға көмектеседі.

РКС: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру -әділетсіздік пен заңсыздықтарсыз болашаққа қосылған үлес. «Саналы ұрпақ» клубы сияқты бастамалар адалдық пен заңдылықты таңдайтын ұрпақты тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ЗАРИНА СПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ