ДИКТОР: Өңірдің әскерге шақырылушылары мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Қонаев және Астана қалаларына жіберілді. Осыған орай «Достар» Мәдениет Сарайында салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Болашақ сарбаздарды туған-туыстары мен жақындары қолдауға келді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары мен қорғаныс саласының өкілдері қатысып, оларға ақжарма тілектерін білдірді.
РКС: Болашақ сарбаздарға облыс әкімінің атынан әскери жиынтықтары бар сыйлық рюкзактар табысталды. Жастар Мемлекеттік күзет қызметі мен десанттық-шабуылдаушы әскерлер қатарында міндетті әскери борышын өтейді. Жігіттер Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге дайын екендерін білдірді.
СНХ: ЕЛНҰР БРАН, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ:
Бүгін десанттық-шабуылдау бригадасы мен Мемлекеттік күзет қызметіне баратын мерзімді сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу өтті. Барлығы өте жақсы өтті. Қызмет етуге дайынбыз.
СНХ: МАЙЯ ҚҰСАЙЫНОВА, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫНЫҢ АНАСЫ: Бүгін бір ерекше күн, барымыз кеше жүгірген балаларымыз ер жетіп, бүгін отан корғау кадам салып атыр. Кадамдар кұтты болсын, ер азамат болып, абырой мен атқарып, отан алдындағы борыштарын өтеп, үйге аман-есен оралатын болсын. Тілектеспіз,ақ жол балаларымызға.
РКС: Мерзімді әскери қызметін өтегеннен кейін сарбаздар еліміздің кез келген жоғары оқу орнына түсе алады.
СНХ: ҚАНАТ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әскери бөлімде қызмет атқарып жатқан шақырылушылар 12 айдан кейін жоғары оқу орнына тегін түсуге мүмкіндік беретін сертификат ала алады. Ай сайын жас сарбаздар физикалық, жұмылдыру және саптық дайындық бойынша білімі бағаланады. Әр үш ай сайын рейтингтік бағалау жүргізіледі. Қызметі үздік болған жағдайда, олар емтихансыз, ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсіп, бірден студенттер қатарына қабылдануға мүмкіндік беретін сертификат иегері атана алады.
РКС: Биыл Ақмола облысынан шамамен 1000-ға жуық жас сарбазды әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр.
РИЗА ЖҰПАРИЯ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ