ДИКТОР: Көктемдегі еріген қар суының салдарынан Қалқұтан өзені арнасынан асып, негізгі тас жолымен Ескі Қалқұтан ауылының арасын жалғайтын жолды жыл сайын шайып кетеді. Астрахан ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов 500-ден астам тұрғыны бар ауылды әбігерге салған өзеннің бойындағы төтенше жағдаймен танысты. Сондай-ақ, отандық «Аzam» кәсіпорнының тыныс-тіршілігін де бағамдап қайтты.

РКС:Ұзындығы 200 шақырымнан асатын Қалқұтан өзені еріген қар суымен толығып, арнасынан асып тасуда. Дегенмен, биыл су тасқынының алдын-алу шаралары ертерек қолға алынған. Наурыздың соңына қарай өзен арнасы кеңейтіліп, түбі 5 метрге дейін тереңдетілді. Сонымен қатар, қарды сыртқа шығару жұмыстары да жүйелі жүргізілді. Былтыр тасқын су Ескі Қалқұтан ауылындағы 30 үйді басып, тұрғындарды әбігерге салған еді. Ал биыл жағдай өзгеше. Су ескі Қалқұтан ауылына апарар жолды шайып өткенімен, елдімекен ішіне енген жоқ. Дер кезінде атқарылған жұмыстың нәтижесі аудандар бойынша оң үрдіске бастама болып отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біраз қомақты жұмыс жасалды. 17 гидро сооружения мынадай жөндеуден өтті. 56 шақырым су арналары тазартылып, кеңейтіліп тереңдетілді. Соның бәрі оң нәтижесін берді. Бұл жерде 5 ауданның суы келіп құйылады. Сондықтан биыл Бурабай ауданы, Бұланды ауданы, Шортанды ауданы, Ақкөл ауданынан келіп жатқан. Ол жерде көктемгі су дұрыс өтті. жасалған жұмыстардың нәтижесі ретінде суға батқан елдімекендер жоқ. Бұл жерде су деңгейі төмендеді. Қалқұтан өзенінің суы Есілге қарай бет бұрды.

РКС: Жыл сайын су астында қалатын жол мәселесі биыл түбегейлі шешімін таппақ. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты мамандарға су басу қаупі жоғары аумақтың түйткілін жан-жақты зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерге ПСД жасалып, жаңа жол салынады. Бұл жолды судың ерекшелігіне қарап бұлай төмендетіліп, салынады. Өйткені, көктемгі су үстінен өтіп кететіндей етіп. Сонда 1-2 күн, көп болса 1 апта қатынауға теріс ықпалын тигізер. Ал, жалпы қазіргі жасалып жатқан іс-шаралар бойынша сулардлы әрі қарай елдімекендерді баспай жіберуге, ықпал жасайды.

РКС: «Azam-kc» серіктестігі өңірдегі іргелі өндіріс ошақтарының бірі. Кәсіпорында отандық үлгідегі астық кептіргіштер мен заманауи технологиялар негізінде жабдықтар дайындалады. Жоғары сапалы металлдан жасалған өнімдер шетелдік баламалардан кем түспейді. Өндірістің қуаттылығы айына 50 мың тоннаға дейін жетеді. Бүгінде компания еліміздің түкпір-түкпірінде 100-ден астам астық кептіру нысанын салып, табысты іске қосқан.

СНХ: АЯЗБЕК МУСИН, «AZAM-KC» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің өнім толығымен Қазақстанда өндіріліп, ел ішіндегі астық кәсіпорындарын қамтамасыз етіп отыр. Жергілікті мамандар еңбек етеді. Биыл біз айына 45–50 мың тонна сақтау көлемін қамтамасыз ететін автоматтандырылған желіні іске қостық. Бұл алдағы дамуымызға үлкен мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты шамамен 600 мың тонна. Технологиялық үдерістерді жетілдіру барысында өнімділікті арттыру жоспарланып отыр. 2 ауысымды жұмыс тәртібіне көшу немесе қосымша желі сатып алу арқылы өндіріс көлемін жылына 1 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделуде.

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі 66 элеваторымызда 4 миллион 300 мың тонна астық сақтайтын қоймаларымыз бар. Одан бөлек 1,5 мыңнан астам шаруада 2,5 мың тонна астық сақтайтын қоймаларымыз бар. Қазір ең негізгі мәселе астық сақтау қоймаларының ескіргені, жаңа заманауи техналогияларға сәйкес келмеуі. 40% ескі техналогиямен салынғандар. Сондықтан бұл зауыттың маңызы зор. Өйткені, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биылдан бастап, ескі астық сақтау қоймаларын жаңарту немесе қайтадан салуға байланысты қазір үкімет тарапынан жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып жатыр.

РКС: Ақмола облысының аумағында 270-ке жуық астық сақтау қоймасы жұмыс істейді. «AZAM-KC» серіктестігі еліміз бойынша маңызды өндірістік нысанның біріне айналған. Отандық өнімді алға қойған компания алдағы уақытта оны одан әрі дамытып, жетілдіріп, өндірісін кеңейтуге ниетті.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ