ДИКТОР: Қазақстанда 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл дата Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай 2011 жылдан бері кәсіби мереке ретінде бекітілген. Бұл күн ғылымның қоғамдағы маңызын арттырып, зерттеушілердің еңбегін дәріптейді. Басты мақсат – отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген ғалымдарды қолдау, олардың еңбегін бағалау және жас ұрпақты ғылымға тарту. Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми бөлімі өз жұмысын жетілдіру арқылы жергілікті ғалымдардың еңбегін қол жетімді етпек. Тілші баяндайды.
РКС: Биылғы жыл Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың шешуші кезеңі ретінде белгіленіп, негізгі назар жасанды интеллектті енгізуге, ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға және зерттеу инфрақұрылымын цифрландыруға бағытталды. 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдардың гранттық жобалары мен жасанды интеллект негізіндегі университеттерді трансформациялау басымдыққа ие. Бұл жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жұмыс істейтін ғылыми бөлім жас өнертапқыштарды қолдау, тәжірибелі мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті оқу құралдарын табуға жәрдемдеседі. Сонымен бірге жас ғалымдар мен студенттерге ғылыми жобалар жасау барысында мұрағат құжаттарын табуға көмектеседі. Биылдан бастап әр салада еңбек еткен жергілікті ғалымдардың диссертациялары мен монографияларын топтастырып, зерттеумен шұғылданып жүрген жандарға қолжетімді ету қолға алынды.
СНХ НҰРТАС АХАТ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ: Бұл әлемдік деңгейде әлемдік тренд. Кез келген кітапхананың ғылыми бағыты болады. Қазақстанда екі кітапхана бар академиялық, бірі Алматыда, екіншісі Астанада. Онда сирек қолжазбалар қорына дейін сақталған. Сондықтан осы Мағжан кітапханасында сирек қолжазбалардың қорын жинақтау, ақмолалық ғалымдардың ғылыми диссертацияларын осы кітапханада жинақтау болып есептеледі. Бұл үлкен абыройлы іс болатын еді. Кітапханаға келген кез келген ізденуші магистрант, докторнаттың өзі жайлы жағдай жасау үшін диссертациялар қол жетімді болу керек.
РКС. Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 400-ге жуық ұйым бар. Оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылып жатыр. Университтерді цифрлық экожүйеге көшіру және жасанды интеллектті ғылыми зерттеулердің негізгі құралына айналдыру жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Заман талабына сай кітапхана қызметкерлеріне де осы бағытқа бейімделу қажеттігі туындайды.
СНХ НҰРТАС АХАТ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ: Ғылыми жаңалық ашудағы өзектілігі деген бар ғой, ол тіпті уақыт өтіп кеткеннің өзінде диссертацияның жоғары аттестациялық комиссия бекіткеннен кейін оның ғылыми өзектілігі болады.жаңалығы болады, уақыт өте келе оның өзектілігі болмауы мүмкін, бірақ қорғалған кезде оның өзектілігіне орай ғылыми атақ беріледі.кез келген бағыттағы дисертациялар өзінің құндылығын ешқашан жоймайды геология саласы, минерология саласы, ғылымның барлық саласында агрономия, жер ғылымы саласындағы азын аулақ қана ғалымдардың диссертациялары бізде болу керек.
РКС: Елімізде ғылымды дамытудағы белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер де қарастырылған. Осы ретте Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы да түрлі саланы зерттеген жергілікті ғалымдардың еңбектерін көпшілікке цифрландырып, жасанды интеллектті пайдалана отырып, аударып жеткізетін болады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ