ДИКТОР: Өңір басшысы Марат Ахметжанов «Aitas» холдинг өкілдерімен кездесіп, алдағы бес жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі бағыттарды талқылады. Облыс аумағында ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Холдинг өңірде құс асыл тұқымды репродуктор салуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты облыс әкімдігімен тиісті меморандумға қол қойылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазір Макинск қаласында «Aitas» тобына жататын құс фабрикасы жұмыс істеП тұр. Кәсіпорын 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, құс етінің өндірісін 90 мың тоннаға жеткізді. Ал жаңа инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда, Орта Азиядағы ең ірі құс шаруашылығы репродукторларының біріне айналмақ.

СНХ: СЕРІК ТОЛЫҚПАЕВ, «AITAS» ХОЛДИНГІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: Ол келісім бойынша осы жердегі Астрахан ауданындағы жерінде бұл жоба іске асырылады. Инвестиция көлемі 85 миллион доллар, жұмыс орны 150-200-ге таяу адам жұмыспен қамтамасыз етеміз. Ал енді менің ойымша бұл бізге бірінші жоба емес, білесіздер бұл жерде Макинск құс фабрикасы Қазақстандағы Орта Азиядағы ең үлкен құс фабрика осында жұмыс жасайды. Ол «Aitas» тобына кіреді, Макинск құс фабрикасы. Енді бұл екінші жоба менің ойымша бұл мына Макинсктегі құс фабрикасындай әйгілі, атақты бір фабрикалардың қатарына қосылады.

РКС: Айта кетейік, «Aitas» холдингі Бұланды ауданында да әлеуметтік жобаларды белсенді жүзеге асырып келеді. Компанияның корпоративтік қоры өңірдің тұрақты дамуына бағытталған бірқатар бастаманы қолға алған. Сонымен қатар, әлеуметтік салада Макинск қаласы мен үш тірек ауылда өмір сүру деңгейі жоғары болатынын айтады. Экология бағытында аудан «zero waste», яғни «қалдықсыз өндіріс» қағидаттарына негізделген өңірге айналмақ.

СНХ: ФАТИМА ГЕРФАНОВА, «AITAS MEKEN FOUNDATION» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 2030 жылға дейін Бұланды ауданы экономика, әлеуметтік орта және экология салаларында одан әрі дамитын болады. Қор тарапынан ауылдық білім беру бағытында ауқымды жоба басталып, облыс бойынша 19 мектепті қамтыды. Жобаға 4,6 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Қазір облыстың 10 мыңнан астам ауыл оқушысы жаңартылған мектептерде білім алуда. Бұл мектептерде қолданыстағы жоба аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері әдістемесі бойынша курстан өткен мұғалімдер сабақ береді.

РКС: Соңғы жылдары қор арқылы облыста 70-тен астам жоба жүзеге асырылып, 9 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның ішінде ауыл мектептерін жаңғыртуға бағытталған ірі бастама да бар. Жалпы, жаңа инвестициялық жоба өңір экономикасын дамытуға тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік қарастырылған.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ