ДИКТОР: Сәуірдің 3-і мен 7-сі аралығында Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» бағыттары бойынша қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнир мамыр айында Мәскеуде және қазан айында Дубайда өтетін Әлем кубогы мен Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болды.
РКС: Чемпионатқа 30-дан астам спортшы қатысты. Ақмола облысынан «Batyr Team» командасының мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Томирис Жүсіпова бақ сынасты. Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының 6 дүркін чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан және жекпе-жектен спорт шебері. Ол ел чемпионатында 48 келі салмақта жеңімпаз атанды.
СНХ: ТОМИРИС ЖҮСІПОВА, ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Турнир жоғары деңгейде өтті. Көп жекпе-жек өткіздік. Әр салмақ санатында 12 адам болды. Турнир жақсы өтті. 4 жекпе-жек өткізіп, чемпион атандым. Жыл сайын қатысып жатырмын. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы атандым. Қазір әлем кубогына және Азия чемпионатына іріктелдім, оған және төтенше жағдайлар қызметкерлері арасында кубогына дайындаламын. Бақытжан Алашұлына алғысымды білдіргім келеді. Осы жарыстарға үш апта бойы дайындалдық, барлық қажетті қаражат берілді, витаминдермен қамтамасыз етті. Үлкен алғысымды жаттықтырушы Ільяс Сарқазин және Жаслан Жантасовқа білдіремін.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тағы бір өкілі Даяна Амантаева қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері. Ол 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел чемпионатында 2-орынға ие болды.
СНХ: ДАЯНА АМАНТАЕВА, ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Чемпионат жоғары деңгейде өтті. Әр спортшы жақсы дайындалып келді. Үш жекпе-жек өткіздім. Финалда жеңілдім. Спортқа қызығушылық бала кезден басталды. 11 жасымда ата-анам бокс секциясына берді. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бақытжан Алашұлына қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді. «Zhas Dinamo Team» клубына, Жаслан Өмірбайұлына және Нұрсұлтан Қосшығұлұлына алғысымды білдіремін.
РКС: Турнирге 7 спорт шебері және халықаралық дәрежедегі 4 спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша жерлестеріміз жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ