ДИКТОР: Қазақстандағы аграрлық жобалар қаржыландырудың жаңа көзінен қолдау ала алады. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық Экологиялық Одақ аясында кооперацияларды қолдаудың бірегей тетігін іске қосуды жоспарлап отыр. Қаржылық көмек аграрийлерге жақын арада қолжетімді болады. Ол өсімдік, мал шаруашылығы, сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен агрологистика сынды негізгі төрт бағытты қамтиды. Бағдарлама өнеркәсіп саласында қазірдің өзінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Еуразиялық экономикалық одақта қолдау алған алғашқы кооперациялық жоба – Көкшетау қаласында орналасқан. «Kazrost Engineering» жеке компаниясы базасында ауыл шаруашылығы техникасы өндіріледі. Қазір зауыт астық жинайтын комбайндардың кабиналарын шығарады. Оксана Зинченко баяндайды.

РКС: Көкшетауда Еуразиялық экономикалық одақ астық жинайтын комбайндарға арналған кабина өндірісін дамытуды қолдады. Жылына 700-ден 1 мыңға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр. Қазақстанның үлесі – 15 процент. Кооперацияға Ресей мен Беларусь те қатысып отыр. Компания жабдық сатып алу, кәсіпорынның жобалық қуатын кеңейту және ұлғайту үшін жеңілдетілген несие алды. Мұнда өндірісті жергілікті ресурстармен қамтудың үлесі біртіндеп арттырылуда. Өткен жылдың жазында кабина шығаруды бастады.

СНХ: АНДРЕЙ АНТРОПОВ , «KAZROST ENGINEERING» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біздің кабина жинау үлесіміз бен «Ростсельмаш» компаниясының учаскесін салыстырсақ, еш айырмашылығы жоқ, бірдей. Тек көлемінде ғана аз айырма бар. Олардың ауқымы әлдеқайда қуатты. Біз күніне 3 кабина жинасақ, олар 30 кабина шығарады.

РКС: Бір комбайн шығару үшін дайындау-желімдеу цехы шамамен 2 мың 700 келі металл бетін өңдейді. Мұнда астық жинайтын машиналарға корпустар, көлбеу камералар мен кабиналар өндіріледі. Зауытта шамамен 300 адам жұмыс істейді. Кейбір учаскелер екі ауысымда қызмет атқарады. Олардың ортақ мақсаты – фермерлерге рекордтық көрсеткіштерге жетуге көмектесетін машиналар шығару.

СНХ: АМАНГЕЛДІ АМАНЖОЛОВ, 4-САНАТТЫ СЛЕСАРЬ-ЖИНАУШЫ: Екеу-үшеу комбайн шығарамыз күніне. Әртүрлі болады. Енді тапсырысқа байланысты. Біз коробка передач жинаймыз. Сосын аккумуляторный ящик, зип, сосын, шнек. Наклонная камерыны олар жинап қойылғаннан кейін, біз оны комбайнға орналатамыз. Соның бәрін біз жасаймыз. Жұмысымыз бәрі жақсы. Сегізден беске дейін жұмыс істейміз.

РКС: Көкшетаулық компания түрлі техника шығарады, заманауи технологиялар мен өндірісті оқшаулауға басымдық береді. Мұнда шығарылған комбайндарды Ақмола облысының фермерлері ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі шаруалар да сатып алады. Биыл республика бойынша техникаға жеңілдетілген қаржыландыруға 300 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл қаражат тек отандық жинақталған машиналарды сатып алуға бағытталған. Сәуірдің басында «ҚазАгроқаржы» компаниясы Қазақстандағы 1,5 мыңнан астам фермерді 3 мың машина сатып алуға қаржыландырды. Жыл соңына дейін мемлекеттік қолдаудың арқасында елдің машина-трактор паркі Қазақстанда жинақталған 12 мың техникамен толықтырылмақ.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САНЖАР НҰРСЕИТОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ