ДИКТОР: Қазақстандық өнімдердің жоғары сапасын сақтап, тұтынушылар үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін сатылатын тауарларға тұрақты бақылау қажет. Елімізде тауарларды таңбалауға, сақтау шарттарына, жарамдылық мерзіміне және өнім құрамына қатаң талаптар қойылған. Осы нормалардың сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері жіті қадағалайды. Бұл бағытта өңірде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Көкшетаулықтардың отандық өнім сапасы туралы пікірлері қандай? Тілші баяндасын.
РКС: Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 5 мыңға жуық нысанды тексереді. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындары және сауда нысандары бар. Отандық тауарлардың ассортименті кең әрі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, мамандар заң бұзушылықтарды әлі де тіркеуде. Заңсыздықтар көбінесе тауарларды таңбалау талаптарының сақталмауы мен өнім құрамының сапасыздығына байланысты орын алып жатады. Негізінен бұл тұрмыстық химия, сүт және шұжық өнімдері және басқа да тауарлар.
СНХ: ЖАНАР ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Тұтынушылардан өнімдерге қатысты шағымдар жиі түседі. Көбінесе тұтынушыларды алдау фактілері тіркеледі. Мысалы, өнім таңбалауға сәйкес келмейді немесе заттаңбада қажетті ақпарат толық көрсетілмеген. Бақылау сатып алу рәсімі мемлекеттік органның аумақтық басқармаларының қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. Бақылау сатып алуды тағайындау туралы акт рәсімделеді. Қызметкерлер нысанға қарапайым тұтынушы ретінде барып, өнімді сатып алып, түбіртекті рәсімдейді. Содан кейін қызметтік куәліктерін көрсетіп, аталған нысанда бақылау сатып алудың жүргізілгенін хабарлайды.
РКС: Дүкен сөрелерінде сұранысқа ие тауарлардың кең ассортименті ұсынылған. Сондай-ақ көпшіліктің сүйікті азық-түлік өнімдері де бар. Шаһар тұрғындары өңірде сатылып жатқан өнімдердің сапасына өз бағаларын беріп отыр.
БЛИЦ-ОПРОС:
- У нас хорошая казахстанская продукция, вкусная – мясо, фрукты, и овощи. Единственное - цены поднимаются не по дням, а по часам. А так, я всегда беру. Мясо, очень вкусное и хорошие продавцы. С семьей мы покупаем астанинскую колбасу, копчённая конина, и говядина сервелат.
- Мне Гормолзавод нравится очень, постоянно покупаю, потом бытовая химия, потом Бижан наш — это вообще самая классная продукция. Я часто езжу по всему Казахстану, и её все хвалят.
- Гормолзавод, хорошая у них продукция, нравится, покупаем, торгуют из Щучинска, у них и выбор есть и чувствуется, что там есть мясо. В основном нравится продукция. – Что вы думаете по поводу качества нашей продукции в регионе? Выбор есть? – Да, выбор большой, продукция, я бы сказал, хорошая.
РКС: Өңірдегі кей өнімдердің танымалдығы қарқынды артып келеді. Тұтынушылар қазір отандық тауарларды таңдап, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін ерекше атап өтуде. Мамандардың айтуынша, қатаң бақылау мен санитарлық нормаларды сақтау - сенімнің басты факторының бірі. Бұл аймақтың имиджін қалыптастырып, жергілікті өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ