ДИКТОР: Демалыс күндері Көкшетауда Муай-тайдан қалалық ашық турнир өтті. Оған Көкшетаудан бөлек Астана, Қостанай мен Щучинск қалаларынан 70-ке жуық жас муай-тайшы қатысты. Олар әдемі жекпе-жек өнерін көрсетіп, аяқ-қолдың барлық бөлігін шебер қолдана білетіндерін дәлелдеді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Муай-тай — Тайландтың ұлттық жекпе-жек спорты. «Сегіз аяқ-қол өнері» аталған бұл бағытта спортшылар қол, аяқ, тізе және шынтақты қатар қолданады. Бүгінде муай-тай әлем бойынша кеңінен дамып, кәсіби спорт деңгейіне көтерілген.
СНХ: ЯРОСЛАВ МАЛЫШЕВ, МУАЙ-ТАЙДАН ҚР ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ: Спортшылар өте жақсы деңгей көрсетіп жатыр. Жекпе-жектер қызықты, бәсекеге толы. Спортшылардың өскені, талпынып жатқаны көрінеді. Спортшыларға айтарым – ешқашан берілмей, тоқтамау керек. Негізі, Қазақстанда тай боксы бойынша көбіне облыстық және ел чемпионаттары ғана өтеді. Жас спортшылардың бұл бағытта жақсы даму үшін республикалық турнирлер көбірек ұйымдастырылу керек.
РКС: Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер сыйлады. Турнирдің басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.
СНХ: ТИМУР ЦОКОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Ережеге сәйкес 10–11 жастағыларға бастан соққы жасауға болмайды, тек дене мен аяққа соққы беріледі. Ал жасы үлкендерге шынтақ пен тізе қолдануға рұқсат. Турнирге шамамен 70 қатысушы жиналды. Спортшылар Астана, Қостанай, Щучинск қалаларынан келді. Турнир ашық болғандықтан, қатысушылар саны артып жатыр. Жігіттердің барлығы жақсы дайындалып келді.
РКС: Жасына қарамастан бұл турнирдің қатысушысы Владимир Харин қазірдің өзінде муай-тайдан Ақмола облысының чемпионы. Ұйымдастырылып жүрген әр чемпионатқа қатысып, жақсы деңгей көрсетіп жүр. Ата-анасы да әрдайым қолдап отырады. Жас чемпион болашақта әлемді бағындыруды армандайды және сол мақсатта тынымсыз жаттығып жүр.
СНХ: ВЛАДИМИР ХАРИН, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ): Тай бокспен айналысқаныма бес жылдан асты. Осы турнирде чемпион болуды жоспарлап отырмын. Болашақта муай-тайдан әлем чемпионы болғым келеді. Бұл спорт маған өте ұнайды. Тай музыкасы да ұнайды. Сол себепті осы спорт түрін таңдадым.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы медальдармен және кубоктармен марапатталды. Ұйымдастырушылар жарыстың әділ өткенін атап өтіп, барлық спортшыға алғыс білдірді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ