ДИКТОР: Кеше Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Чемпионаттың матчында жерлестеріміз 2:1 есебімен маңызды әрі тартысты ойында жеңіске жетті. 5 мыңнан астам көрермен жиналған бұл кездесу осы маусымдағы ең әсерлі ойынның бірі болды.
РКС: Матч жанкүйерлердің рекордтық қолдауымен өтті. Көрермендерге тек футбол ғана емес, сонымен қатар мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы да ұсынылды. Ойынның алдында осынау әсерлі кеште өнер көрсетуге арнайы шақырылған әртіс матчқа ерекше сән беріп, оның ырғақты өтуіне тың серпін бергені сөзсіз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жанкүйерлер ойынның малғашқы минуттарынан-ақ жерлес команданы ерекше екпінмен қолдап отырды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДАСТАН МҰХАМБЕТ, ЖАНКҮЙЕР: Матч өте қызықты және қызылуы өтуде. біз өз 5510 әскери бөлімнен келіп тұрмыз. Өзіміздің Көкшетау қаламыздың клубына жанкүйер болуға, әрі алға, әлі уақыт бар қосылуға. Біз көкшетау клубына сенеміз.
СНХ: АЗАМАТ ИСАБАЕВ, ЖАНКҮЙЕР: Мен шамамен 15 жылдан бері «Оқжетпес» клубының жанкүйерімін. Айтайын дегенім, биылғы маусымда бізде нағыз футбол атмосферасы қалыптасты. Біздің облыс әкімдігі және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері Көкшетау жанкүйерлері үшін, аймақ үшін шын мәнінде үлкен шоу ұйымдастырды. Барлық матч өте тартысты өтіп жатыр. Биыл жақсы құрам жасақталды. Көріп көңілің марқаяды. Алдағы уақытта жаңа стадионның салынуымен футбол одан әрі дамып, тек ересектер емес, балалар спорты мен балалар футболы да ілгерілейді деп ойлаймын.
РКС: Матчтың екінші таймында есеп ашылды. Ойынның 76-шы минутында қорғаушы Дмитрий Бородин ерекше көзге түсті. Араға төрт минут салып, павлодарлық шабуылшы Мирас Тұрлыбек есепті теңестірді. Алайда 88-ші минутта «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бүрібаев қарсыластар қақпасына гол соғып, жеңіс нүктесін қойды.
СНХ: РИНАТ АЛЮЕТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Бүгін жанкүйерлеріміз бізге керемет қолдау көрсетті, өйткені бүгін стадионға шамамен 5000 адам келді. Футболшыларымыз гол соққан кезде трибуналар жарылып кетердей әсер қалдырды. Оның бәрі бізге үлкен күш берді. Себебі футболшы шаршаған кезде, сырттан қолдау көріп, жанкүйерлердің уайымдап, дем беріп тұрғанын сезсе, қосымша күш жинайды. Тіпті біз гол жіберіп алған сәтте де, жігіттерде сенімділік сезілді, олар ойынды жалғастыра берді. Яғни біз үйде тең ойынға жол бермеуіміз керек. Жеңісті қолдан бермеу қажет. Осындай тартысты, жақсы ойын үшін «Ертіс» командасына үлкен рақмет айтқым келеді.
РКС: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен кәсіпкер Иван Сауэр да ойынның басынан аяғына дейін жерлес командаға жанкүйер ретінде қолдау көрсетті. Ойын аяқталған соң аймақ басшысы киім ауыстыратын бөлмеге барып, команданы жеңісімен құттықтап, тартымды ойын үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ Марат Ахметжанов бас бапкер Ринат Алюетовке қызметтік пәтердің кілтін табыстады. Аймақ басшысы клубтың жетістіктеріндегі бапкерлер штабының үлесін ерекше атап өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Айта кетейік, бес турдан кейін «Оқжетпес» 11 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының үздік үштігіне кірді. Команда «Елімай» мен «Қайратты» қуып жетті, олардың қоржынында да 11 ұпайдан бар.
ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ