ДИКТОР: Ақкөл ауданында "Таза Қазақстан" акциясы аясында қалалық стадион аумағындағы саябақ қоқыстан тазартылды. "Ақкөл - таза өлке" тақырыбындағы экологиялық акцияға 300-ге жуық адам қатысты. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: "Таза өлке - Ақкөл" экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары 2 гектарға жуық аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Бұл бастама тек қоқыс жинау емес, қоғамның табиғатқа деген көзқарасын өзгертуді көздейді, - дейді Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов.
СНХ: БІРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз бәріміз жиналып, тек қоқыс жинап қоймай, акцияның маңыздылығын да ұғыну керекпіз. Бұл акцияның маңыздылығы өте зор. Біріншіден, бұл акция табиғатқа деген сүйіспеншілікті және халқымызда бірлік пен жауапкершілікті нығайтатын үлкен бір іс-шара.
РКС: Экологиялық акцияға волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары және мектептердің мұғалімдері мен оқушылар да қатысты. Мәселен, Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл қалалық орта мектебінің ұжымы мұндай игі бастаманы қалт жібермеуге тырысады.
СНХ: ГҮЛЖАН БАПАР, Ж.БЕКТҰРОВ АТЫНДАҒЫ №3 АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізден 30 мұғалім және 28 оқушы қатысып отыр. Бұл біздің президентіміздің "Таза Қазастан" республикалық акциясын қолдау мақсатында келіп отырмыз. Бұл оқушыларды, жалпы Қазақстан азаматтарын біріншіден жерін сүюге, елін таза ұстауға, экологиялық тазалыққа, экологиялық мәдениетке баулиды. Бізде аудан бойынша әр бейсенбі сайын "Таза Қазақстан" акциясы ұйымдастырылып тұрады. Біздің қызметкерлер міндетті түрде қатысады. Себебі, әр азамат өз қаласын таза болғаның қалайды.
РКС: Ортақ іске Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 55209 әскери бөлімінің 50-ден астам сарбазы да үлес қосты.
СНХ: ДАНИЯР ТҰҒҰШБАЕВ, 55209 ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:: Осы аймақта, ауданда өткізілетін іс-шаралардан біз ешқашан да қалмаймыз. Әрқашанда атсалысып, өз үлесімізді қосып отырамыз. Тек қана осы су көшкініне ғана емес, сонымен қатар осындай "Таза Қазақстан", қаланы көркейту үшін, қаланы тазарту үшін үлесімізді қосамыз.
РКС: Шара барысында 200-ге жуық қапқа толы қоқыс жиналды. Аудан көлемінде мұндай экологиялық іс-шара әр апта сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ