ДИКТОР: 2030 жылға қарай өңірде тозығы жеткен 250 тұрғын үй сүріліп, орнына 5 мың пәтерлік жаңа баспаналар салынады. Бұл туралы Көкшетауда өткен арнайы кеңесте айтылды. Сондай-ақ, енді шаһарда жүйесіз құрылысқа жол берілмейді. Барлық жоба кешенді жоспарлау негізінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта шаһарда урбанистика орталығы ашылды. Жиын барысында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» мен «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында стратегиялық меморандумға қол қойылды.
РКС: Соңғы жылдары Көкшетау қарқынды дамып, келбеті жаңарып келеді. Бұрын бос жатқан аумақтарда заманауи тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бүгінде өңірде 8 аудан реновация бағдарламасына енгізілген. Соңғы екі жылда 1 миллион 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы жылдары қала халқының саны жарты миллионға жетеді деген болжам бар. Осы ретте бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылым жүктемесін реттеу мәселелері өзекті. Осы түйткілдерді шешу үшін урбанистика орталығы құрылды. Енді құрылыс жобалары әлеуметтік сұраныс пен инфрақұрылым мүмкіндіктеріне сай сараланып жүзеге асырылады.
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, «КOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Создание Центра урбанистики стало логичным этапом систематизации уже реализуемой практики в сфере реновации. На сегодняшний день сформирована база для перехода от точечной застройки к комплексному развитию территорий. В рамках программы реновации проведена следующая работа: снесено 21 домов на 193 квартир, построено 763 квартиры в 10 домах. Ставим для себя амбиционную цель до 2030 года произвести снос 250 аварийных и ветхих домов, построить 55 домов на 5 000 квартир для 18 000 человек. //аударма// Урбанистика орталығын құру - реновация саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды жүйелеудің заңды жалғасы болды. Бүгінде нүктелік құрылыстан кешенді аумақтық дамуға көшуге негіз қаланды. Реновация аясында 21 үй сүріліп, 193 пәтер босатылды. Оның орнына 10 үйде 763 пәтер салынды. 2030 жылға дейін 250 ескі үйді бұзып, 5 мың пәтерден тұратын 55 үй салу жоспарланып отыр. Бұл 18 мыңға жуық тұрғынды жаңа баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.
РКС: Пилоттық жоба ретінде Көкшетау және Атбасар қалалары таңдалды. Ал қаржылық қолдауды «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» қамтамасыз етпек.
СНХ: АЛТАЙ КҮЗДІБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Жалпы тұрғын-үй нарығы өте үлкен потенциал бар. Қазір реновация өтіп жатыр. Бұл жасап жатқан реновацияның кейсі басқа өңірлердің өкілдері қарастырып, ол кейсті адаптация жасап, басқа өңірлерде де жасап жатыр. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбей, нарықтан инвесторды тартып, осындай реновация жүріп жатыр. Жалпы көлемі өткен жылы 12,3 миллиард теңге біз жалпы қаржы қолдау атқардық Ақмола облысына. Осы жылы жоспар бойынша 23 миллиардтан астам қаржылық қолдау осы өңірге атқарамыз.
РКС: Жиын қорытындысы бойынша тараптар реновация және тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын меморандумға қол қойды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жиын соңында аймақ басшысы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарына айналған Жаңа жағалау мен «Көк шалғын» аумағын аралап, алдағы жоспарлармен танысты. Бұл аумақтар алдағы уақытта бірыңғай тұжырымдама негізінде дамытылып, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандармен толықпақ.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы Көкшетау қаласының көркем қылып бір, өзін танымал қылатын ерекшелігін жасайтын Қопа көлдің жағасында бір әдемі, жайлы қала болады деп сондай жоспарлап отырмыз. Сондай үлкен бір тұжырымдамаға қол қойылды. Ол өзінің бір ықпалын,нәстижесін қаланың дамуына береді деп отырмыз. Енді бас жоспар бойынша бұл қала екі мың елуінші жылы бес жүз мың адаммен тұрғынмен тұруы керек. Бұл енді бір көші қонның бір бекеті болуы керек. Сондықтан,мынау үлкен бағдарламалар,реновация бағдарламасы,сатып алып беретін, мұқтаж топтарға беретін пәтер бағдарламасы бар. Және мұқтаж топтарға салатын үйлеріміз бар.Соның бәрін біріктіріп, біркелкі қылатын қаланы.
РКС: Қазірдің өзінде шаһарда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мұның барлығы шаһардың шырайын ашып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттырары сөзсіз.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ