ДИКТОР: Зеренді ауданында биыл шамамен 307 мың 500 гектар гектар жерге дән сіңірмекші. Қазір шаруалар алдағы науқанға қызу дайындық үстінде. Көктемгі дала жұмыстарының ұйымдастырылуы, фитосанитарлық жағдай мен егіс науқанын аяқтау мерзімдері аудандық агрокеңесте қаралды. Жиын барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің көрмесін аралады. Олар егіншілікке арналған дәлме-дәл цифрлық технологиялармен, заманауи ветеринарлық препараттармен және арнайы жабдықтармен танысты.

РКС: Биыл аудан диқаншылары бидай, арпа, жасымық, бұршақ, сұлы, жүгері, картоп және басқа да көкөніс түрлерін егуді жоспарлап отыр. Бұл ретте дәнді дақылдардың егістік алқабы қысқартылуда. Биыл аудан бойынша 200 мың гектардан астам алқапқа дән сіңірілмек. Ал майлы, бұршақты және мал азықтық дақылдардың көлемі, керісінше, артады. Аграршылар егістік алқаптарды әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруда. Жалпы егістік алқабының шамамен 30 пайызы, яғни 87 мың гектары майлы дақылдарға тиесілі болады. Ауданда көктемгі егіс науқанына 500-ге жуық шаруашылық дайындалып жатыр. Фермер Асқар Қортаев бұл жұмыста мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау үлкен көмек болып отырғанын айтады.

СНХ: АСҚАР ҚОРТАЕВ, «UNICORN CROPS LIMITED» ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біздің егіс тігіміз 15 мың гектар. Былтыр «Кең дала 2»-дан 1 миллиард теңге қаражат алдық. Кредит алдық. Сол жалпы жаман емес. Тұқым алдық, тыңайтқыш алдық. Осы жылы, 26-шы жылы, тағы да алайын деп жатырмыз. Былтырғы кредиттер қайтарып бергенбіз. Осы жылға дайындық, 80 % дайындығымыз бар. Алла жазса, міне закрытие влагиға шығайын деп отырмыз. Осыдан кейін егістікке шығамыз. 0,49

РКС: Аудан әкімі Әсет Құрманғожиннің төрағалығымен өткен агрокеңесте шаруалар көктемгі егіс науқанына дайындық мәселелерін талқылады. Көктемгі дала жұмыстарының сәтті өтуі үшін аграршылар алдын ала тыңайтқыштар сатып алып, техникаларын жөндеп, тұқым қорын дайындап қойған. Қазір қолда бар тұқымның үштен екісінен астамы зертханалардан тексеруден өткен. Сонымен қатар жиында тауар өндірушілерді қаржыландыру бағдарламалары мен ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлау мәселелері де жан-жақты талқыланды.

СНХ: ВЛАДИМИР СТРИГУН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Көктемгі егіс науқаны жұмыстарын өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жеңілдетілген бағада жанар-жағар май алуға 160 өтінім келіп түсті. Литрі 281 теңгеден. Дизель отынының жалпы көлемі 4800 тонна. Сондай-ақ Зеренді ауданының шаруалары «Кең дала-2» жеңілдетілген несие бағдарламасын ұтымды пайдалануда. Былтыр ауданымыз бойынша 5,8 миллиард теңгенің 22 өтінімі берілді. Биыл дәл осы бағдарламаға тағы да 14 өтінім түсті. Жалпы сомасы 3,4 миллиард теңге. 1,5 миллиард теңгеге форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 5 өтінім берілді.

РКС: Аудандық кеңеске қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдері мен заманауи шешімдердің көрмесін аралады. Сала мамандары технологияларды сақтаудың маңызыдылығына, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын уақытылы пайдалануды енгізудің нормаларына тоқталды

РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ