ДИКТОР: Жуырда волейболдан кезекті «Отан» облыстық спартакиадасы өтті. Екі күнге созылған спорттық шараға өңірдің 20 ауданынан мемлекеттік қызметшілер жиналды. Сайыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті.

РКС: Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, алаңда бар күш-жігерін салды. Көрермендер де спортшыларға қызу қолдау білдіріп, жарыстың көркін қыздырды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін «Отан» мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада екінші күн бойы волейбол спорт түрінен өтіп жатыр. Бұл деген біріншіден біздің облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың бастаған спортқа деген үлкен көңілінің бір көрінісі. Ең атап өтеріміз бұл мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен салынған «Көкше Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл кешен арнайы мемлекеттік қордан салынған халықтың игілігіне арнаған президенттің сиы деп білеміз. Бүгінгі волейбол турнирі біздің облыс әкімінің өзі бастап ойнайтын спорттарының бірі.

РКС: Қатысушылар мұндай ауқымды спорттық шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін айтады. Спартакиада алдағы республикалық деңгейдегі жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі ретінде бағалануда.

СНХ: САМАТ МАМЫРАЕМОВ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ): Бүгінгі спартакиаданың деңгейі өте жоғары. Ауылдық жерде тұрғасын біз жақсылап ұтуға ниеттеніп дайындалып келдік. Қарсыластарымыз мықты. Ризамыз, ойын жақсы өтіп жатыр. Төрт ойын ойнадық, үшеуін жеңдік. Енді полуфиналға шыққанда Ақмола облысының әкімдігінен ұтылып, қазір үшінші орынға таласамыз.

СНХ: ҚУАНЫШ ЖАНДЫБАЕВ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (АРШАЛЫ АУДАНЫ): Сайыс жоғары деңгейде өтті. Төрт командамен ойын өткіздік. Жартылай финалға дейін жеттік. Енді үшінші орынға бақ сынаудамыз. Мұндай нәтижеге біз бұрын-соңды қол жеткізбеген едік. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Шынында да, бәрі жоғары деңгейде өтті. Барлық аудандардан командалар келді. Командалар арасында ауызбіршілік пен достық рухы қалыптасқан.

РКС: Спартакиада қорытындысы бойынша үшінші орынды Аршалы ауданының командасы иеленді. Жүлделі екінші орынға Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жетті. Ал мемлекеттік кірістер департаментінің құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер арнайы медальдармен және кубоктармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ