ДИКТОР: Өткен жылдың желтоқсанынан бастап «Көкшетау Жылу» кәсіпорнында автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылды. Ол шығарындылар көлемін бақылайды. Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерді енгізу – Қазақстандағы ірі өндірістер мен кәсіпорындар үшін міндетті талап. Ақмола облысы бойынша мұндай кәсіпорындардың саны – бесеу.
РКС: Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді және азот пен көміртек оксидтері, шаң, күкірт диоксиді және өзге де негізгі ластаушы заттарды тіркейді. Барлық дерек облыстық экология департаментіне онлайн бағдарлама арқылы автоматты түрде жіберіледі. Кәсіпорында датчиктер шығарындылардың негізгі көздеріне орнатылады.
СНХ: ИГОРЬ АРХИПОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ИНЖЕНЕР-ЭКОЛОГЫ: Біздің жүйе онлайн режимде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Рұқсат етілген нормалар бізде қоршаған ортаға әсер етуге берілген экологиялық рұқсатпен белгіленген. Біз осы нормаларды сақтаймыз. Бақылау барысында жылу беру маусымының жартысында ешқандай артық шығу жағдайлары анықталған жоқ.
РКС: Автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу көрсеткіштерді бақылауға ғана емес, сонымен қатар ықтимал ауытқуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – дейді облыстық экология департаментінің өкілі.
СНХ: МЕЙРАМГҮЛ РАМАЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл жерде адам факторы әсер етпейді. Барлық мәлімет автоматты түрде Экология министрлігінің бағдарламалық қамтамасыз ету порталына бірден жіберіледі.
Автоматтандырылған мониторинг жүйесі әр 20 минут сайын мыңнан астам көрсеткіш бойынша деректі жібереді. Бұл көрсеткіштер ауа райы жағдайларына, желге және басқа да метеофакторларға тәуелсіз нақты болады. Жүйе тұрақты түрде, үздіксіз жұмыс істейді.
РКС: Айта кетейік, қазірдің өзінде Степногорск жылу-электр орталығы мен «Көкшетау Жылу» кәсіпорны автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізіп, шығарындылар туралы деректерді жіберуді бастады.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ