ДИКТОР: Жарқайың ауданындағы Гастелло ауылында көшелерге жарық орнату жұмыстары аяқталды. Жобаға дайындық ақпан айында басталған, ал қазір желі іске қосылып, пайдалануға берілді. Жұмыс жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Енді ауылдың негізгі көшелерінің бірінде жүру қауіпсіз бола түсті.
РКС: Шоссейная көшесін жарықпен қамту мәселесі ұзақ уақыт шешілмей келген еді. Жергілікті тұрғындар бұл проблеманы бірнеше мәрте көтеріп, оң шешімін табуды сұраған. Қазір бұл учаскеде заманауи 11 шам орнатылды.
СНХ: БИЖАМАЛ КӨБЕКОВА, ГАСТЕЛЛО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Саналы ғұмырым осы көшемен байланысты. мұнда ешқашан жарық болмаған. Енді кешкі уақытта серуендеу де, жұмыстан кейін үйге қайту да қауіпсіз әрі қолайлы. Бұл біз үшін үлкен өзгеріс.
РКС: Ауыл әкімі Айгүл Сайдалина бұл жұмыс мұнымен тоқтамайтынын атап өтті. Жергілікті әкімдік инфрақұрылымды одан әрі жаңартуды жоспарлап отыр. Жақын уақытта заманауи көше жарығы ауылдың басқа да учаскелерінде орнатылуы тиіс.
СНХ: АЙГҮЛ САЙДАЛИНА, ГАСТЕЛЛО АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты жұмыстарды жалғастырып келеміз және тұрғындар үшін маңызды мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге тырысамыз. Шоссейная көшесіне орнатылған жарық – азаматтарымыздың жайлы әрі қауіпсіз өміріне жасалған маңызды қадам.
РКС: Шоссейная көшесінің республикалық маңызы бар тас жолдың жанында орналасуы жарықпен қамту мәселесін маңызды етеді. Жаңа шамдар жаяу жүргіншілер үшін ғана емес, ауыл арқылы өтетін жүргізушілер үшін де ьүнгі көріністі арттыра түсті. Бұл жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін айтарлықтай азайтады.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ