ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың өткен IV отырысында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама қабылдауды ұсынды. Осы ретте, Ақмола облысында қандай жобалар қолға алынды? Бұл жоба неше бағыттан тұрады? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт - балалардың қауіпсіздігі, екіншісі - сапалы білім, үшіншісі - денсаулық қорғау және төртіншісі отбасы және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтар.
ИНФОГРАФИКА:
Бірінші бағыт - балалардың қауіпсіздігі;
Екіншісі - сапалы білім;
Үшіншісі - денсаулықты қорғау;
Төртіншісі - отбасы және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтары.
РКС: Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, алдағы уақытта барлық өңірде психологиялық қолдау орталықтары жұмысын бастайды. Сонымен қатар, мектептерде қауіпсіздік сабақтары өткізіледі деп жоспарланып отыр. Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицейі бұл бағыт бойынша бірқатар жұмыс атқаруда. Мәселен, еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып ақылды камера жүйесін орнатты. Осылайша, білім ошағындағы 1 мыңнан астам оқушының қауіпсіздігі басты назарда.
СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Кірген сайын ата-анаға бірден хабарлама келеді. Яғни, балаңыз мектепке кірді және балаңыз мектепте шықты. Өте ыңғайлы. Сосын тағы бір жүйенің бірі ол камералар. Ол жәй ғана камера емес. Ол ақылды камералар. Яғни, бір төбелес болып жатса, бір итеріс болып жатса, бір жерде балалар жиналып тұрса ол хабарлама бізге 5-7 секунд ішінде келеді. Осылай міне қауіпсіздікке назар аударылған.
РКС: Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін алдағы уақытта білім беру ұйымдарына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балғындарды қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттерін ашу жоспарланып отыр.
СНХ: ЖАНАРГҮЛ БАЙМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысы бойынша бағдарлама аясында 27 іс-шара әзірленуде. Қазіргі таңда балалардың негізгі білім алуына, олардың өмір қауіпсіздігіне жүзеге асыру үшін бірқатар іс-шаралар әзірленді. Облыстан 17 млрд.ақша бөлініп отыр бүгінгі таңда. Ақмола облысында ол толық қолдау тапты. Алдағы уақытта жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.
РКС: Елімізде балаларды қолдау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келер жылдан бастап "Баланың жолы" деп аталатын цифрлық жүйе іске қосылады. Одан бөлек, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға жаңа талаптар қойылып жатыр. Олар жыл сайын тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, бұл мамандарды даярлау үшін жыл сайын 200 білім беру гранты бөлінбек. Осылайша, әр бүлдіршіннің қауіпсіздігі ескерілмек.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕ, КӨКШЕ АҚПАРАТ