ДИКТОР:Сезімдердің ұлысы махаббатты жырламаған жан кем де кем. Ғабит Мүсірепов «Махаббат–адам өміріндегі ең асыл сезім» деп, оның қадір-қасиетін айрықша бағалап кеткен. Осы асыл сезімді арқау еткен халқымыздың ең көркем жырларының бірі Қозы Көрпеш–Баян сұлу. Сол ұлы мұраны арқау еткен «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күні аясында облыстық жастар ресурстық орталығы ашық аспан астында мәдени шара ұйымдастырды.

РКС: Бұл мереке 15 жыл қатарынан дәстүрге айналып тойланып отыр. Көкшелік жастар да «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне сахна төрін ән мен жырға бөлеп, ашық алаңға жиналған жастар мен ғашық жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әуен мен мың бұралған би арқылы олар махаббаттың нәзік сезімін жеткізіп, жиналған қауымды Ғашықтар күнімен шынайы ықыласпен құттықтады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚЫМБАТ МЕДЕЙҚЫЗЫ, СТУДЕНТ: Қозы Көрпеш-Баян сұлу мерекесімен барлығын құттықтаймыз. Ауа райына қарамастан жылы атмосферамен осы мейрамды тойлаудамыз. Барлықтарыңызды мейраммен құттықтаймыз.

СНХ: РАМАЗАН СҰРАЙҰЛЫ, СТУДЕНТ: Ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көңіл күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын. Бақытты болыңыздар.

РКС: Ашық аспан астында өткен шараға жиналған жастардың қарасы қалың. Мерекелік шараны ұйымдастырушылар жиналған қауым арасында түрлі ойын ойнатып, бағалы сыйлықтар табыстады.

ИНТЕРШУМ:

БЛИЦ:

- Сегодня В городе Кошетау был концерт и игры очень хорошие. Подарки тоже хорошие.

- Было очень интересно и классно.

- Я участвовала в конкурсе, выграла купон. Мне все очень сильно понравилась.

РКС: Ұлттық ғашықтар күні жай ғана атаулы күн емес, ол қазақ рухының тереңінен тамыр тартқан махаббат пен адалдықтың қайта жаңғыруы. «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік–Кебек» секілді мәңгілік хикаялар арқылы ұлт жадында сақталған кіршіксіз сезім, сертке беріктік пен адамгершілік сезімі қайта жаңғырғандай. Бұл күн жүрек тілін сөйлетіп, рухани мұраны бүгінмен жалғайтын сырлы сәт.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ