ДИКТОР: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ақмола облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. Шара Астана – Көкшетау – Петропавл тас жолы бойында ұйымдастырылды.
РКС: Күн жылына сала жолдарды жөндеу жұмыстары да қарқын ала түсті. Бүгінде өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда жол таңбаларын жаңарту, ескі жол белгілерін ауыстыру, шұңқырларды жөндеу және қосымша жарықдиодты элементтер орнату жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ұзындығы 400 шақырымнан асатын жол учаскелері қамтылып отыр.
СНХ: ШЫҢҒЫСХАН МОЛДАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Осыған байланысты біз жүргізушілерден жолда мұқият болуды, әсіресе жөндеу жұмыстарын жүріп жатқан учаскелерде жол белгілеріне назар аударуды сұраймыз. Сонымен қатар 20-ы наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көлігіне уақытша шектеу енгізгенінде еске саламыз. Бұл жерде бір бірлікке түсетін жүктеме 8 тоннадан аспауы тиіс.
РКС: Шара барысында көлік жүргізушілеріне арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Жол-көлік оқиғасы кезінде әрекет ету тәртібі кеңінен түсіндірілді.
СНХ: НҰРБЕК ОРАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Бүгінде автожолдарда жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көктемгі су тасқынынан кейін жол бойында үй жануарлары мен жабайы аңдардың кенеттен пайда болу қаупі де арта түседі. Мұндай жағдайлар жол-көлік оқиғаларының орын алуына себепші болуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты шектеп, жол белгілеріне ерекше назар аударып, барынша сақ болуды ескертіп жатырмыз. Ақмола облысының аумағында жол бойындағы 159 сервис нысаны мен 66 арнайы демалыс алаңы жұмыс істейді. Бұл орындар жүргізушілерге сапар барысында тынығып, қауіпсіз қозғалысты жалғастыруға мүмкіндік береді.
РКС: Жыл сайын елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 40 мыңға жуық адам қаза табады. Көз жұмғандардың әр оныншысы – бала. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін әр азамат жол ережесін қатаң сақтауы тиіс.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ