ДИКТОР: Сәуірдің 17-інде волейболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының 34-ші чемпионаты аясында плей-офф ойындары басталды. Турнир барысында төрт команда 5-8-ші орындарға бақ сынауда. Көкшетаулықтардың бірінші ойынына тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.

РКС: Алты күнге созылған чемпионат сәуірдің 23-інде аяқталады. Көкшетаулық «Ұшқын-Көкшетау» құрамасы бірінші ойынын Тараздан келген командасына қарсы өткізді. Матч бес кезеңде өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛЕКСАНДР СТОЛЬНИКОВ, «ҰШҚЫН-КӨКШЕТАУ» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Қойған мақсатқа жетуге тырысамыз. Команда дайын, әрі ойын өз алаңымызда өтеді. Барлығы жақсы болады деп сенемін. Соңына дейін ойнап жеңіп алуға тырысамыз. Жалпы, мұнда барлық төрт команданың деңгейі жоғары. Сондықтан жеңіске жету үшін сәттілік те керек болады. Артылған сенімді ақтау үшін бар күшімізді саламыз.

РКС: Есепті Тараз құрамасы ашты. Ойын барысында екі команда да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Қарсыластар бір-біріне мүмкіндік бермеуге тырысып, алаңда қызу бәсеке өрбіді. Нәтижесінде бірінші партия 25:17 есебімен тараздықтардың пайдасына шешілді. Үшінші мен төртінші сеттерде Көкшетау командасы қарқынын күшейтіп, қарсыласты жеңе алды. Жалпы матч барысында екі ұжым да жоғары деңгейде ойнап, жанкүйерлерге тартымды әрі әсерлі кездесу сыйлады.

СНХ: АРҚАТ ЕЛЕУСІЗОВ, «ҰШҚЫН-КӨКШЕТАУ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біз Таразға жақсы дайындалдық. Бұйырса плей-оффқа настройымыз жақсы. Тараз да өте жақсы команда, алтыншы орында келе жатыр олар. Енді ойлаймын, жеңіп кетеміз сол команданы. Осы плей-оффқа настройымыз жақсы, 5-ші орын алуға тиіспіз. Плей-оффтың алдында 6-шы орында келе жатқанбыз, енді кішкене жетпей қалды плей-оффқа, финалға. Енді келесі жылға дайындаламыз дұрыстап. Бұйырса плей-оффқа бірінші, екінші орынға тырысамыз.

РКС: Өкінішке қарай бесінші сеттің қорытындысы бойынша көкшетаулықтар «Тараз» командасынан 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Екінші ойынды көкшетаулықтар күні кеше «Есіл-СК» командасына қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңілді. Келесі ойынды «Ұшқын» құрамасы сәуірдің 22-сінде алматылық «Буревестник» командасына қарсы өткізеді. Қазір көкшетаулықтар турнир кестесінде 2 ұпаймен төртінші орынға жайғасып отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ