ДИКТОР: Белсенді ұзақ өмір орталығында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты профилактикалық акция өтті. Шара барысында полиция қызметкерлері егде жастағы тұрғындарға интернет алаяқтарды қалай тануға болатыны туралы түсіндіріп, кеңес берді.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір көбіне егде жастағы адамдар алаяқтардың құрбанына айналады. Олардың сенгіштігі мен цифрлық сауаттылығының жеткіліксіздігі қаскөйлер үшін таптырмас нысана. Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері кең таралған алаяқтық тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың қатарында мессенджерлер арқылы ақша аударуды сұрайтын хабарламалар да бар.

СНХ: БЕКЗАТ НАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Сіздердің міндеттеріңіз қандай? Егер сізге күмәнді хабарлама келсе — сол адамға қоңырау шалып, «шынымен де менен ақша сұрап тұрған сен бе?» деп нақтылап алыңыз. Егер оның расымен сол адам екеніне көз жеткізсеңіз, сонда ғана жібересіз. Ал жай ғана WhatsApp-та келген хабарламаға сеніп, ақша аудара салуға ешқашан болмайды!

РКС : Акция ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандарға сұрақтар қойды. Белгілі болғанындай, қатысушылардың әрбір екіншісіне алаяқтар қоңырау шалған.

СНХ: БАҒИЛА ШӘРІПОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Шынын айтқанда, бұл оңай емес, өйткені кейде бізге әртүрлі бейтаныс нөмірлерден қоңырау шалғанда өзіміз де қорқып қаламыз. Қазіргі кезде неше түрлі жағдайлар болып жатыр, тіпті елестетудің өзі қорқынышты, сондықтан кейде телефонды да көтермейміз.

РКС: Акция қатысушыларына алаяқтық әрекеттер болған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді. Полицейлер кез келген жағдайда бөгде адамдарға жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін және SMS-кодтарды беруге болмайтынын еске салды. Тәртіп сақшылары мұндай кездесулер облыстың барлық аумағында өткізілетінін атап өтті.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ