ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда «Оқжетпес» футбол клубының жаңа директоры ресми түрде таныстырылды. Бұл қызметке танымал қазақстандық спорт журналисі, комментатор әрі футбол функционері Ербол Қайыров тағайындалды. Клуб ұжымына жаңа басшыны Ақмола облыстық футбол федерациясының президенті Әнуар Күмпекеев таныстырды. Оксана Зинченко баяндайды.

РКС: Ербол Қайыров – Ақмола футбол мектебінің түлегі. Ол Қазақстан футбол федерациясында, елдің Кәсіби футбол лигасында және ұлттық құрамалар құрылымында жұмыс істеген тәжірибелі маман. Бұған дейін «Тараз» футбол клубы директорының кеңесшісі қызметін атқарып келді. Спорт саласының өкілдерімен, клуб басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен, футбол ардагерлері мен жанкүйерлермен өткен кездесуде «Оқжетпес» клубының жаңа менеджері көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, команданы жаңа белестерге бастауға уәде берді.

СНХ: ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біріншіден, жасөспірімдер футболын көрсету керек, көтеру керекпіз. Ақмола футболының түлектері бар. Оларға негізгі жастар құрама командасына мүмкіндік беру керекпіз. Сондықтан да, барлық футболшыларды қарастырып, жақсы команда жинақтауға болады. Әрине қазіргі бапкерлер штабтың атқарылып жатқан жұмыстың деңгейі өте жоғары, деп айтуға болады. Жас бірақ та тәжірибелі маман, Ринат Алюетов өз жұмысын жақсы атқаруда, команданың өзі өте жоғары чемпионат бастады. Әрине, проблема саны көп. Қарсыластары да осал мен. Дегенмен «Оқжетпес»-тің футболшылары мүмкіндігінше барынша тырысып, жергілікті жаңкүйерлерді қуантуға бар күшін салады, сенемін.

РКС: Ербол Қайыровтың басым бағыттарының қатарында – жанкүйерлерді тарту және футбол командасының аудиториясын кеңейту, маркетинг бағытын дамыту мен тұрақты қаржылық модель қалыптастыру. Сонымен бірге жаттықтырушылар штабымен тығыз байланыс орнатуды да көздеп отыр. Жаңа басшы «Оқжетпеске» өңірдің шынайы халықтық командасы мәртебесін қайтара алады деген сенім бар,-дейді клуб мүшелері.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ, ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Алдымызда нақты міндеттер тұр: клубтың позициясын нығайту, тұрақты басқару жүйесін қалыптастыру және тұрақты спорттық нәтижелерге қол жеткізу. Қазіргі кезеңде команда ұйымдасқан, мазмұнды ойын көрсетіп жүр. Біз қазірдің өзінде тәртіпті әрі бәсекеге қабілетті ойын үлгісін қалыптастырып жатқан жас, амбициясы жоғары жаттықтырушыны көріп отырмыз. Нәтиже көрсетуге және бәсекелесуге қабілетті мықты ұжым жасақталған.

РКС: Жуық арада Ербол Қайыров клуб ұжымына таныстырылып, ресми түрде қызметіне кіріседі.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ