ДИКТОР: Биыл қазақ халқының біртуар тұлғасы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханның туғанына - 315 жыл. Осы айтулы датаға орай еліміздің түкпір-түкпірінде, әсіресе кітапханалар мен мәдениет ошақтарында "Дәуір рухындағы тарихи тұлға" атты оқырман конференциялары мен тарихи-танымдық іс-шаралар кеңінен өтуде. Көкшетаудағы "Достар" мәдениет сарайында қоғам қайраткерлері мен жоғары білім ошақтарының студенттері дөңгелек үстел барысында бас қосып, тарихқа терең үңілді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Абылай хан - қазақ тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлға. Барлық қазақ халқы қадір тұтатын Абылай ханның билік еткен жылдары қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келеді. Тапқырлығымен, даналығымен бүкіл елді ақ тудың астына жинаған хан Абылай көзі тірісінде әулие атанған. Сондықтан да, Абылай хан билік жүргізген жылдар қазақ тарихында алтын ғасыр саналады. Конференция барысында ғалымдар, тарихшылар мен зерттеушілер біртуар тұлғаға қатысты тың деректермен бөлісті. Сондай-ақ, студенттерге "Абылай ханның қара жолы" атты кітаптың таныстырылымы өтті.

СНХ: ДӘУЛЕТ КӘРІМ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Абылай хан бәрі білетіндей көрнекті тұлға, саясаткер, дипломаттық кісі. Абылай хан 18 ғасырларда өзара Ресей және Қытай секілді екі үлкен мемлекеттің ортасында өмір сүрді. Қазақ хандығының ханы болды. Осы іс-шара бізге мықты бір тұлға ретінде қалыптасуымызға әсер ететін дүние.

РКС: Шараның басты мақсаты жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ел бірлігін нығайту жолында Абылай ханның атқарған ролін терең түсіндіру, - дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Абылай аңсаған азаттық қазір болып жатыр. Абылай аңсаған тәуелсіздік орнады. Мәшһүр Жүсіп айтады "Абылай ханның алдында да, Абылай ханнан кейін де қазақ ондай өмір сүрген жоқ" - дейді. Ал, Шоқан Уәлиханов айтады "Абылай ханның заманы серлік пен ерліктің заманы" - дейді. Сондықтан, Абылай ханды дәріптеуіміз керек. Абылай ханды мына жасөспірімдердің бойына сіңіріуіміз керек. Оның ішінде ел жандылық, патриотизм, тілге деген құрмет, салт-дәстүрді біз Абылай хан арқылы жеткізуіміз керек.

РКС: Шара соңында баяндамаларын қорғаған студенттерге Алғыс хат табысталды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ