ДИКТОР: Шымкент орыс драма театрының ұжымы Көкшетауға гастрольдік сапармен келді. Үш күн бойы сахнада көрермендерге түрлі репертуар ұсынбақшы. Мәселен, балаларға арналған "Сыроежка" және "Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі" туралы ертегілерін. Сонымен қатар, "Маскарад" классикалық драмасы мен "Ханума", "Примадонналар" комедияларын көрермен назарына жол тартады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кешкі уақытта қойылған "Маскарад" драмасы сахнада шиеленіске, ішкі толғаныс пен терең сезімдерге толы оқиғаны өрбітті. Михаил Лермонтов шығармасы негізінде сахналанған бұл қойылым көрерменді қызғаныш, интрига және қайғылы қателіктер әлеміне жетеледі. Қойылымның басты ерекшелігі - оның атмосферасы мен актерлердің кәсібилігінде. Суретшілер, режиссер және жарық бойынша мамандар спектакльдің көркемдік әрі эмоциялық кеңістігін қалыптастыру үшін еңбек етіп, оған жаңа тыныс берді.

СНХ: ИГОРЬ ВЕРБИЦКИЙ, ШЫМКЕНТ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз гастрольдерге жиі шығып тұрамыз. Ақмола облыстық орыс драма театр Шымкентке келіп, ең үздік қойылымдарын ұсынып кетеді. Біз де Көкшетауға өзіміздің ең таңдаулы спектакльдерімізді алып келуге тырыстық. Қазір Ресей мемлекеттік театр өнері институның түлектері жаңа премьераны алып келді. Суретші, режиссер және жарық қоюшы мамандар қатысқан үлкен жұмыс. Біз Ресей мемлекеттік театр өнері институтымен бірлесе жоба жасап жатырмыз. Ақмола театры да бұл жобаға қатысады. Яғни, Ресей мемлекеттік театр өнері институның түлектері келіп, спектакльдер қояды. Михаил Лермонтовтың "Маскарад" шығармасы - біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.

РКС: Орыс драма театрының залы қашан да сахна өнерінің жанашырларын жинайды. Көкшетаулық көрермендер спектакльдерге белсене қатысып, жергілікті және гастрольмен келген актерлерді де қолдап жатады.

СНХ: ИРИНА ГОРНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен театр өнерін өте жақсы көремін. Мүмкіндігінше театрға жиі келуге тырысамын. Актерлердің сахнадағы ойыны өте ұнайды. Олар өз ісінің нағыз кәсіби мамандары. Бүгін де үлкен ықыласпен классикалық "Маскарад" спектаклінің премьерасына келдім. Шымкенттік актерлер бізді кәсібилігімен қуантты. Көрермендер де оларға лайықты жауапты қайтарды деп ойлаймын.

СНХ: ЕЛЕНА ДАЙЛИДКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі спектакльді тағатсыздана күттім. Жарнамасын көрген сәттен-ақ, ойланбастан бірден 3 қойылымға билет сатып алдым. Бұл театр туралы бұрыннан естігенмін, тіпті Шымкентке барып, осы театрдың қойылымын тамашалауды армандайтынмын.

РКС: Шымкент орыс драма театры сәуірдің 23-не дейін көкшетаулық көрермендерді өз қойылымдарымен қуантпақ. Қала тұрғындарын жарқын қойылымдар, шынайы эмоциялар және жаңа театрлық жаңалықтар күтіп тұр.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ