ДИКТОР: Ұлттық кітап күніне орай Көкшетауда тағы бір әсерлі кеш ұйымдастырылды. «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Оқыған ұрпақ – озық ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оған жылдам оқу және ағылшын тілі үйірмелеріне қатысатын кітап оқуға құмар 30 шақты бала қатысты. Іс шара интелектуалдық ойындар мен викториналық сұрақтарға жауап беру үлгісінде өтті. Балалар ертегі кейіпкерлерін атау, сүйікті шығармаларының авторын табу және мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы өздерінің білімдерін ортаға салды. Кітапханашының айтуынша, балалардың кітап оқуға қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың шығармалары мен Мұхтар Әуезовтың әңгімелері сұранысқа ие,-дейді.
СНХ: ӘСЕМ ҚАРАТАЙ, КӨКШЕТАУДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен кітапханаға жиі келіп жүремін. Мен кітпатарды жақсы көремін. Мағжан Жұмабаев кітапханасына барамын. Мен қазақша кітаптарды, ертегілерді оқимын.
СНХ: САНДУҒАШ БОРАНБАЕВА, КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Коворкинг орталығында 3 мыңға жуық кітап қоры кітаппен толтырылған. Бұл кітаптар тек қана 6 жастан бастап 16 жастағы балаларға арналған кітаптар. Кітап оқыған бала далада қалмайды. Ой-өрісі дамиды, рухани байлық береді.