ДИКТОР:Елінің ертеңін, отбасы мен айналасының амандығын ойлайтын әр адам қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келетіні анық. Осы ретте азаматтардың қауіпсіздігін, қоғам тыныштығын қорғайтын, заң мен тәртіпті сақтаудың алдыңғы шебінде тұрған полиция қызметкерлеріне жүктелер міндет салмақты. Қауіпсіз, үйлесімді қоғам құру жолында құқықтық тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтардың алдын алу, жұртшылықпен арада сенімді қарым-қатынас орнату жұмыстарына жергілікті жердегі әскерилер де, пәтер иелері кооперативтері де, мүлік иелері бірлестіктері де ат салысып жатыр. Жалпы, Көкшетау қауіпсіз қала ма? Тілші баяндасын.
РКС. Көкшетаудағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 55-те 10-шы әскери бөлімшесінің сарбаздары қаланың тыныштығы мен тәртібіне ат салысып келеді. Бұл оларға жүктелер тоғыз міндеттің бірі. Қаладағы аса маңызды нысандарды күзетумен қатар, халық көп шоғырланатын орындарда қылмыстың орын алмауына және заң бұзушылықтардың болмауына баса назар аударады.
СНХ ДАСТАН СЕЙІТКӘРІМ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Аптаның сәрсенбі және сенбі күндері аралығында жедел мақсаттағы батальоны Көкшетау қаласының қоғамдық тәртібін күзету бойынша қызметке шығады. Біздің басты міндетіміз қаладағы халықтың тыныштығын қорғау және қамтамасыз ету болып табылады.
РКС: Қала тұрғындары орталық көшелерде үш сарбаздың иықтарын тіресе үш бағытқа қарап, қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрғанын байқаған болар. Бүгін де міне өздеріне тиесілі учаскелерге бөлініп, қала тыныштығы күзетінде қырағылық танытуға шықты. Олар кешкі сағат 5-тен түнгі 11-ге дейін кезекшілікте жүреді.
СНХ:ДАСТАН МҰХАМЕДОВ,ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР: Біз қала тұрғындарына көмектесудеміз. Олар бізден қысылмай көмек сұрай алады. Адасып кеткен жағдайда немесе жол көрсету біз әр нүктеде 15 минуттан тұрамыз.маршрутты толық қарап, бір сағаттың ішінде айналып шығамыз.
СНХ: БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Менің ойымша Көкшетау қауіпсіз қала. Себебі кішкентай болғандықтан кешкі серуенде отбасымен жүргенде және де көпшілігін танисың.
- Бізді ата-анамыз қорықпай шығарады. Достарымызбен қыдыруға, мұнда опасный случайлар болған жоқ. Сондықтан Көкшетау қауіпсіз қала деп ойлаймын.
РКС. Золотхан Магомедқызы 25 жылдан бері мүлік иелері бірлестігінде еңбек етіп келеді. Бүгінгі күні «Алтын теректің» қарамағында 19 үй тіркелген. Бас-аяғы 2 мыңға жуық тұрғыны бар көпқабатты үй аулаларының талапқа сай, подъездерінің таза, әрі жайлы, ең бастысы қауіпсіз болуына назар аударады. Көпшілігі бейнекамералармен жабдықталғандықтан, балалардың алаңсыз жүріп-тұруына жағдай жасалған.
СНХ ЗОЛОТХАН АЗИЕВА, «АЛТЫН ТЕРЕК» МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біз үй тұрғындары мен олардың отбастарының тыныштығы үшін барымызды саламыз.мысалы, мына үйде периметр бойынша камералар орнатылған, тұрғындар өздерінің балалары үшін алаңдамайды, себебі қай жерде ойнап жүргенін және үйге кіріп шыққан уақытын телефоннан қадағалай алады.
СНХ: ТӨЛЕГЕН ТІНӘЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Каждый подьезде камералар бар. Подьезді капитальный ремонта жасап кетті. Жарықтары дневной, ночной жанып тұрады. Онда да камералар бар.
РКС:Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «Қауіпсіз қоғам» қағаздағы міндеттердің тізімі ғана емес. Бұл – ең алдымен болашаққа қамқорлық. Әр азамат, әсіресе жастар халқымыздың ең жақсы қасиетін бойына сіңіріп, жаман әдеттерден арылып, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға үйренуі тиіс. Көкшетаулықтар да осыған ерекше мән берсе, сәулетті шаһар қауіпсіз бола түсері сөзсіз.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕАҚПАРАТ