ДИКТОР: Ақмола облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды шаралар қолға алынды. Әсіресе, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл "Бұқпа" орман шаруашылығында 200 мыңға жуық қарағай көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Соңғы 5 жылда өңірде қанша түп отырғызылды? Бұл жұмыс қалай жүзеге асып жатыр? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдауында еліміз бойынша 2021-2027 жылдар аралығында 2 млрд.түп көшет отырғызуды тапсырған еді. Күні бүгінге дейін "Бұқпа" орман шаруашылығы 1 мың гектар аумаққа 1 миллионнан астам ағаш көшетін отырғызды. Биыл 180 гектар алқапта Қарағай көшетін отырғызу жоспарланып отыр.
СНХ: ҒАЛЫМБЕК БАТТАЛОВ, "БҰҚПА" ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Күнде 4-5 гектардан отырғызамыз. 4 гектарға 40 мың шырша көшеті. Жұмысты атқарып жатырмыз. 180-нен 86 гектар қалды. 50 пайызын септік. 2027 жылы 870 гектар бар.
РКС: Ақмола өңірінің орман алқабы шамамен 20 мың гектар жерді алып жатыр. 13 орман шаруашылығы бар. Сонымен қатар, жас көшеттерді өсіретін арнайы орындар да бар. 2021 жылдан бері мұнда 70 миллион түптен астам ағаш көшеті өсірілген. Осылайша, бұл көрсеткіш орман қорын ұлғайтып қана қоймай, экологиялық жағдайды да жақсартуда. Десе де, мәселе жоқ емес. Себебі, жаз мезгілі өрт қаупі жоғары кезең.
СНХ: ЕРБОЛ ТӘШІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Өрт қауіпсіздік кезеңі бізде биыл 6-шы сәуірден басталды. Өрт кезеңіне дайынбыз деуге болады. 85 бірлік техника алынды. Соның ішінде 24 бірлік өрт сөндіру машинасы, шағын орман өрт сөндіру техникасы алынды. 30 бірлік тракторлар алынды. Одан басқа, жиі профилактикалық шаралар жүргізіліп тұрады. Маман тапшылығы жоқ.
РКС: Бұл игі шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен 60 студент келді. Олар ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Студенттер акцияға қатысып қана қоймай, практикада ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, топырақ талдау, техниканы бақсару және орман шаруашылығы бойынша маңызды дағдыларды меңгеруде.
СНХ: ДИАНА ТҰРЛАН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қарағай ағашы қылқан жапырақты ағаш түріне жатады. Жапырақтары ине тәрізді болады. Жалпы, Қарағай ағашын өсуінің себебі ауа тазартады, оттегі бөледі және де зиянды заттарды өзіне сіңіреді.
РКС: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған шаралар легі алдағы уақытта да жалғасады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ