ДИКТОР: Зеренді ауданында еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тау-кен комбинатының құрылысы аяқталуға жақын. Бірегей өндіріс орны жылына 230 мың тонна шикізат өңдеп, 90 мың тоннаға дейін байытылған каолин мен кварц құмын өндіреді. Бүгінде кәсіпорында техникалық іске қосу кезеңі басталды.
РКС: Тау-кен комбинаты Зеренді ауданындағы Алексеевка кен орнында орналасқан. Бұл кен орны - әлемдегі ең ірі каолин қорының бірі. Ал стратегиялық жобаның құны - 12 млрд теңге. Өндіріс Германия, Қытай, Ресей және отандық компаниялардың заманауи технологияларымен жабдықталған. Құрылыс жұмыстары былтыр тамызда басталған. Бүгінде негізгі нысан толық аяқталды. Қазір технологиялық желілер іске қосылып, дайын өнімнің сапасына сынақ жүргізілуде.
СНХ: МАРАТ ХАСЕНОВ, «QAZAQ KAOLIN» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазір кәсіпорында 53 адам жұмыс істейді. Іске қосылғанда жұмысшылар саны 90-ға жетеді. Өндірісті толық қуатқа шығаруды шілде айына жоспарлап отырмыз.
РКС: Айта кетейік, бұл жоба индустриялық картаға енгізілген және еліміздегі бірегей каолин байыту комбинаты болмақ. Өнім ішкі нарықпен қатар, ТМД елдері мен алыс шетелдерге де экспортталатын болады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ