ДИКТОР: Көкшетаулық «Окжетпес» қызылордалық «Қайсар» командасымен кездесті.

Ойын Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында өтті. Матч тең нәтижемен аяқталды. Ойын барысын біздің түсірілім тобы қадағалап қайтты.

РКС: Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарсыластар жоғары қарқынмен ойнады. Екі команда да агрессивті әрекет етіп, допты оңайлықпен бермей, бір-бірінің қақпасы маңында қауіпті сәттер орын алды. Бірнеше эпизодта гол соғуға мүмкіндік болғанымен, жүзеге аспады. Есепті алғаш болып қонақтар ашты. 27-ші минутта жартылай қорғаушы, сербиялық Никола Цуцкич дәл соққымен «Қайсарды» алға шығарды.

СНХ: ӘЛНҰР ДӘУІТ,ЖАНКҮЙЕР: Команда допты бақылауда ұстады. Мүмкіндіктер болды, бірақ гол соға алмадық. Екінші таймда алға шығып, гол соғамыз деп үміттенемін.

СНХ: ӘЛМЕРЕК КАРДАНА, ЖАНКҮЙЕР: Бірінші таймда кейбір сәттер жетіспеді. Допты ұзақ ұстадық, бірақ ойынды шиеленістіре алмадық.

РКС: Алаң иелері ойынның соңына қарай есепті теңестірді. 89-шы минутта қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев есепті теңестірді. «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері ойыншыларды жақсы ойыны үшін мақтап, қарсыластың да бәсекеге қабілетті екенін айтты.

СНХ:РИНАТ АЛЮЕТЕВ «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: «Қайсар» – мықты команда, құрамында жақсы ойыншылары бар, мүмкіндіктері де жоғары, маусым басында алдына үлкен мақсаттар қойған ұжым.

Егер нәтижеге қарайтын болсақ, бүкіл матч бойы сол бір голдың орнын толтырып ойнағанымыз – біз үшін жаман нәтиже емес. Ал ойынды тұтас қарасақ – бұл біз үшін теріс нәтиже. Себебі команда бүгін жеңіске лайық ойын көрсетті.

РКС: Жеті турдың қорытындысы бойынша «Окжетпес» 12 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Ал «Қайсар» бес ұпаймен 13-орынға жайғасқан. Айта кетейік, кездесудің құрметті қонағы қазақстандық әнші Назима болды. Үзіліс кезінде ол бірнеше әнін орындап, спортшыларға қолдау көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында Көкшетаулық «Оқжетпес» командасы өз алаңында Астаналық «Жеңіс» клубымен кездесуді жоспарлап отыр.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ