ДИКТОР: Ақмола облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Аймақтағы барлық қала мен ауыл тұрғындары бұл игі шараға атсалысып, елдімекендерін қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, ағаш көшеттері де отырғызылды. Облыс орталығында бұл игі шара қалай жүзеге асты? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

РКС: Көкшетаудағы "Мәңгілік алау" аллеясы маңына 200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оған 300-ден астам адам қатысты. Бұл бастаманы өңір басшысы Марат Ахметжанов та қолдады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық мәдениетін қалыптастыру мен табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын үнемі айтып келеді. Осы ретте, бар қазақстандықты біріктіретін "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы ерекше маңызға ие. Бұл бастама қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және қоғамның мәдениетін арттыруға бағытталып отыр. Ал, "AMANAT" партиясы елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін экологиялық жобаларды үнемі қолдап келеді.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Таза Қазақстан" акциясы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық шара. Оның басты мақсаты - экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау және оның болашағы үшін жауапкершілікті түсіну. Қаламыздың тазалығы мен көріктігі тек біздің қолымызда.

РКС: Шаһардың тазалығын сақтау үшін жастар да бір кісідей жұмыла кетті. Олар аллея бойында шашылған қоқысты жинап, қураған шөптерді жұлды.

СНХ: ШАМИЛЬ МАРАТ, "МЕЙІРІМ" ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ: "Таза Қазақстан" акциясы көбінесе тал отырғызуға, табиғаттың тазалығына бағытталады. Бұл акция жалпы жастарға не береді? Ол белсенділік береді. Табитғатты бүлдірмеуге жол береді. Акцияға жиі қатысуға тырысамын, қолым бос кезінде. Осындай акция өзіме қатты ұнайды.

СНХ: ЖАНДОС МОЛДАХМЕТОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жастар "Таза Қазақстан" акциясын қолдайды. Бүгінгі шара ағаш отырғызуға бағытталып отыр. Мен мұндай акцияларға жиі қатысып тұрамын. Себебі, бұл акцияның арқасында жастар бірігіп, табиғтқа ұқыпты қарайды. Сонымен қатар, патриоттық рухты көтереді.

РКС: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында аймақта түрлі шаралар өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Ал, жыл соңына дейін облыс бойынша 3 мың гектар аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ