ДИКТОР: Көкшетауда әуесқой жүгірумен айналысатындардың «Аламан Ран» атты клубы бар. Бұл ұйымның құрамында әр түрлі жастағы адамдар жаттығады. Олардың басты қағидасы –– салауатты өмір салтын ұстану және өзгелерді де денесін шынықтыруға шақыру. Тілшіміз баяндасын.

РКС: «Аламан Ран» клубын құру идеясы оның президенті және қордың құрылтайшысы Асқар Жүсіповке тиесілі. Ол бірнеше жыл жүгірумен айналысатын желаяқ. Былтыр жалғыз өзі 260 шақырымды бағындырды. Клубты құрып, жанына өзі сияқты денесін таза ауада шынықтырып, желмен жарысып жүргендерді жинағанына екі жал. Олар Көкшетаудың орталық алаңдарында, саябақтарда, манеждерде жаттығуларын жасап, бірнеше шақырым жерлерді бағындырады.

СНХ: ӘСЕЛ ЛАСТАЕВА, ЖЕЛАЯҚТАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің клубымыз екі жыл бойы істеп тұр. Әр жексенбі күні ашық жаттығуларға шақырамыз бүкіл қаланың тұрғындарын.онда бастауыш группамыз бар, бірнеше жыл жүгіретін адамдар да бар.

РКС: «Аламан Ранның» мүшелері үшін ауа райының қолайсыз күні жоқ. Ең бастысы, ерінбеу керек және таза ауада денені сергіткеннің пайдасы зор. Клубтың құрамында түрлі мамандық иелері бар. Жас шамалары да әр түрлі. Олар жұмыстан қолы босаған сәтте бір алаңнан табылып, бірге жаңа белестерді бағындырады. Әуесқой желаяқтарды екі кәсіби бапкер аптаның алты күнінде жаттықтырады. Жүгіруді енді бастағандар аптасына үш рет денесін шынықтырады. Биыл скандинавия жүрісін және велосипедпен 10 шақырым жолды жүріп өтушілерді де қатарларына қосыпты.

СНХ: ҚАНАТ СӘЛІМОВ, ӘУЕСҚОЙ ЖЕЛАЯҚ: Жұмасына үш рет жаттығулар жасаймыз. Манеждің ішінде, ашық алаңдарда. Жексенбі күндері барша қала тұрғындарына шақыру жібереміз, кез келген адам бізбен бірге жатығу жасап,жүгіре алады. 7 мамыр өтетін жарысқа қазір дайындалып жүрміз. Мен де өз командамды жинап, қатысуға дайындалып жүрмін.

РКС: Көкшетауда түрлі мерекелік шараларға қатысты арнайы марафон ұйымдастыратын белсенді жастардың тобы алда қайырымдылық жасаудан да тыс қалмайды. Жүгіруді жанына серік еткендер өздерінің қатарына көкшетаулықтарды шақырады. Қатарымыз көбейген сайын жаман әдетке үйір адамдардың да қатары сирей түседі дейді олар.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ