ДИКТОР: Бүгін - Халықаралық би күні. Бұл атаулы мереке 1982 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілген. Айтулы датаға орай Ақмола өңірінің өнер көгінде жарқырап жүрген «Гәкку» би ансамблі көрерменге ерекше әсер сыйлаған жеке шығармашылық кешін ұсынды.

РКС: Ақмола облысының жарық жұлдыздары, өз тарихы бар «Гәкку» би ансамблі 2007 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр. Биыл ұжым 19 жылдық белесін еңсерді. Осы уақыт аралығында ансамбль халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап келеді. Ансамбль жетекшісі Гүлмира Ордабаева бұл ұжымның қалыптасу кезеңінен бастап еңбек етіп, оның дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Саналы ғұмырын биге арнаған жетекші үшін ансамбльдегі әрбір қыз туған перзентіндей жақын, бауырындай болып кеткен.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГҮЛМИРА ОРДАБАЕВА, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 6 жасымнан биге қатысып жүрдім. Хореограф болмады, өзім би шығарып жүрдім. Суреттен қарап, теледидардан көргенімді қайталап, солай Жүргенов атындағы өнер академиясына би режессеріне оқуға түсіп, маман болдым. Өзім би қоямын. Шабытым таусылмасын деп, музыканы қосып соған би елестетіп шығаратын қасиетім бар. «Гәкку»би ансамблінің, «Аманат» би мектебінің жетекшісімін. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің хореографиядан ұстазымын.+3:07+ «Гәкку» би ансамблінде басынан бастап жұмыс істеп жатырмын деп айтсам болады. Басында алты қыздан құралған би ансамблі қазір үлкен ұжымға айналды. 3-4 биден құралған репертуар қазір 60-тан асты. Әр бидің өзіндік тарихы бар.

РКС: Бүгінде ансамбль репертуарында 60-тан астам би қойылымы бар. Олардың басым бөлігі – жетекшінің төл туындылары. Халықаралық би күніне орай ансамбль «Айшуақ би керуені» атты музыкалық сүйемелдеумен өткен жеке шығармашылық концертін ұсынды. Кеш барысында көрермендерге дәстүрлі билермен қатар, жақында ғана сахнаға жол тартқан жаңа туындылар да көрсетілді. «Әрбір би – біз үшін ерекше, жүрегімізге жақын. Олардың ешқайсысын бөліп-жарып айта алмаймыз», – дейді бишілер.

СНХ: ДАРЬЯ ЧУБАРОВА, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІСІ: Біз үшін бұл концерт бір жыл бойы атқарылған еңбектің қорытындысы. Бұл кеште көрерменге ең үздік әрі жаңа қойылымдар ұсынылды. Бағдарламада жеке орындаулар да, көпшілік билер де қамтылып, бірнеше премьералық нөмір көрермен назарына ұсынылды. Ұжымдағы әр адам уақыт өте келе бір-біріне туғандай жақын болып кетеді. Ортақ концерттер мен іс-сапарлар – бәріне ортақ тәжірибе, бірге өткерілген сәттер. Осындай естеліктер мен эмоциялар ұжымды одан әрі біріктіріп, байланысын нығайта түседі. Би – әр биші үшін жай ғана жұмыс емес. Өйткені біз сүйікті ісімізбен айналысамыз. Сондықтан біз үшін би ол өміріміздің мәні десем де болады.

РКС: Қазір ансамбльдің құрамында 17 жастан асқан 14 қатысушы бар. Олардың қатарында студенттер де, колледж және жоғары оқу орындарын тәмамдаған қыздар да бар. Солардың бірі – Аружан Тураханова. Ол ұлттық билермен қатар, би арқылы адамның ішкі сезімін – сағыныш пен махаббатты жеткізуге болатынын айтады. Сахнадағы әр қозғалыс – жүректегі сезімнің көрінісі,- дейді ол. Бүгінгі кеште Аружан көрерменге өзіне ерекше жақын қойылымын ұсынды. Ол әкесіне деген балалық сезімін арқау еткен «Әке» атты биін сахнаға алып шықты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АРУЖАН ТУРАХАНОВА, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІСІ: Бұл шараға біз ұзақ уақыт бойы және үлкен жауапкершілікпен дайындалдық. Бұл концертте мен әкеме арналған биді орындадым. Бұл би мен үшін өте ерекше және маңызды. Себебі мен осы би арқылы әкеме сезімімді жәнек алғысымды білдіргім келеді. Біздің мақсатымсыз көрермендерге жарқын эмоциялар сыйлап ұмытылмас әсер қалдыру.

РКС: Шынында да, би арқылы белгілі бір оқиғаны, көңіл күйді, эмоция мен сезімді әсерлі жеткізуге болады. «Гәкку» би ансамблінің репертуарындағы «Сыйлық», «Аққу», «Сағыныш», «Шаттық», «Мереке» секілді қойылым атауларының өзі әрқайсысының астарында нәзік те көркем сезім жатқанын аңғартады. Бұл билер көрерменге тек қозғалыс арқылы ғана емес, жүректен шыққан терең эмоция арқылы әсер етіп, әдемі күй сыйлайтын өнер туындылары екенін дәлелдейді.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ