ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша 93 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Дегенмен, олардың әрқайсысы базалық медициналық көмек алуға құқылы. Өңірде халықтың барлық санаты үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Сақтандыру мәртебесі болмаса да, тұрғындар қолдаусыз қалмайды. Кепілдендірілген көмек пакетіне қандай қызметтер кіреді? Тілші жалғастырады.
РКС: Жақында Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген тегін медициналық көмек жүйелеріне қатысты тәсілдер қайта қаралды. Бұл өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ көмек пакеттерінің ара-жігін айқындауға бағытталған. Негізгі басымдық – сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әрбір азаматтың қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуына жағдай жасау.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛӘМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз етіледі. Базалық пакетке жедел медициналық көмек, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем, сондай-ақ оңалту қызметтері кіреді. Бұл қызметтер 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша көрсетіледі.
РКС: Жыл басынан бері онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған бірқатар тексеру кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына енгізілді.
СНХ: ҚҰРМЕТ АМАНТАЙ, №1 АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Онкоскринингтер кепілдендірілген тегін медициналық көмек дәрежесінде көрсетілетін болады, яғни. Болған өзгерістер ол скринингтің өту жасы бұрын жетпіске дейін болатын, қазір 76 жасқа дейін өзгерді және де ыыы бұрын қиындықтар туындайтын. Жатыр мойнының обыры, сүт безінің обыры және де тікше обыры, егер де бұрын. Сақтандырылмаған болса, пациент онда өте алмайтын, ал осы 2026 алтыншы жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы кредиттер барлығы тегін кепілдендірілген медициналық көмек.
РКС: Мамандардың айтуынша, кейбір медициналық қызметтердің кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына ауыстырылуы профилактикалық тексерулермен қамтылатын тұрғындар санын арттырып, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау мүмкіндігін ұлғайтады. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуы медициналық қызметтердің кеңірек спектріне қол жеткізуге жол ашады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ