ДИКТОР: Қазақ мәдениетінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың орны айырықша. Көшпенді елдің тарихы айқын көрініс табатын ұлттық мәдениетте, ұлттық ойындардың да орны ерек. Ғасырлардың ізі жатқан ұлттық ойындар бүгінге дейін өз құндылығын сақтап қалған. Мәселен, ұлттық ойынның асылына айналған-асық ойынын Ақмола өңірінің жастары игеріп, чемпион атануда.
РКС: Қазақ халқының ұлттық ойындары ел мәдениеті мен тарихынан туындаған дәстүр. Онда кілең ұлттың мәдениеті ғана емес, үлкен мән мағына жатыр. Аталы сөздің асылыда ұлттық ойындармен байланыса туындаған. Оған дәлел «Асығың алшысынан түссін» деген игі тілек. Кешегі дәстүрдің ізін суытпай, ұлттық ойындарды дәріптеп, жастар арасында насихаттап жүрген ұстаздарымыз аз емес.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АМАНТАЙ ШӘЙХАН, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Осы асықпен айналысқаныма 18 жыл болды. Осы мектепте асық ойынын алып жүргеніме 6 жыл болды. 6 жылда 2 республика чемпионын, 6 облыс чемпионын шығардым. Ең жас оқушым 2 сынып оқушысы. Тасболат Ерхан былтыр облыс чемпионы болды. Биыл республика жарысында Ақмоланың намыс қорғайды.
РКС: Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. «Болар бала, жасынан»-демекші. Кешегі батыр бабаларымыз асық ойынын балаға жастайын үйреткен. Тіпті сәби дүниеге келмей жатып, үлкендері жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған. Себебі, асық баланы, ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, баулиды. Сондай-ақ намысын қайрап, жеңіске деген талпынысын арттырады.
СНХ: ЕРХАН ТАСБОЛАТ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен 2-ші сыныпта оқимын. Мен жарыстан 1-ші орын алдым. Біз көп ойнаймыз. Шаршамаймыз.+скл+ бізде жарыс болады. Мен дайындалып жатырмын.
СНХ: ДИАС ТАҒАН, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткермін. Осы жылы мен Ақмола облысының чемпионатында 3-ші сақасында 1-ші орын алдым. Республикалық ойынға жолдама алдым. Біз үшін асық ату жай ғана спорт емес, ата-бабаларысыздан келген құндылық. Мен наурыздың 26-сы Семей қаласында өтетін республикалық жарыста Ақмола облысының намысын қорғаймын.
РКС: Асық ойындарының баланың тұла бойына сіңірер мол тәрбиесі қаншалықты зор болса, ұлттық ойынның соншалықты сан түрі бар. Мысалы, «Ханталапай», «Атқапыл», «Иірмекіл» және «Бес асық» ойыны. Бала күннен ұлттық ойындарды ермек етіп, әке жолын қуған Бижамал Амантайқызы бес асықтың хас шебері.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:БИЖАМАЛ АМАНТАЙҚЫЗЫ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мені асыққа қызықтырған, алып келген ол менің әкем. Яғни жаттықтырушым. Маған кішкентай кезімнен үйретті. Маған қызық болды. Мен қазір Республика чемпионы атандым. Бесасық ойынын әрі қарай алып жүрмін. Бесасықтағы ең басты мақсатым, ол осы ойынды басқа елдерге таныту. Қазақтың туын көкке көтеріп, елімізді дамыту.
РКС: Еліміз бойынша салт-дәстүр кеңінен дәріптеліп, ұлттық ойындар қолға алынуда. Бұл қазақтың құнды мәдени қазынасының қайта жандануның белгісі.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ