ДИКТОР: Дауыс берудің жабылуына бірер минут қалғанда Көкшетаудағы №13 учаскеге тұрғындар келіп, дауыс беріп үлгерді. Ал, комиссия мүшелері жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Олар жәшіктерді ашып, бюллетень санауғы кірісті. Тілшіміз жалғастырады.

РКС: Бұл учаскеде дауыс берушілер таңғы сағат 08:00-ден бастап, сағат 10:00-ғе дейін ең жоғары белсенділік көрсетті. Алайда, дауыс берудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда да дауыс берушілер келіп, таңдауларын жасап үлгерді. Қала тұрғындарының басым бөлігі отбасы мүшелерімен келіп, дауыс беруі бүгінде дәстүрге айналған.

СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мен немереммен учаскеге келдім. Мұндай шараға немеремнің алғаш қатысуы. Ол өз таңдауын жасады. Анам да дауыс берді, жаңа ғана шығып кетті. Бүкіл отбасымызбен ылғи осы жерде дауыс береміз. Бұл еліміздің болашағы үшін жасалып отырған қадам екенін жақсы түсінеміз, оған сенімдімін. Ол ең алдымен балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағының кепілі.

РКС: Аталған учаскеде тіркелген 6 дауыс беруші өз таңдауын үйінде жасады. Дауыс берудің барысын «Ауыл» және «Аманат» партияларынан 4 байқаушы бақылады. Жалпы алғанда референдум еш ескертусіз, шаттық режимде өтті,-дейді комиссия мүшелері.

СНХ: АЛМАГҮЛ ДОСҚАРИНА, № 13 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бүгін біздің учаске толық режимде жұмыс істеді. Дауыс берушілердің жазбаша өтініштері бойынша колмиссия мүшелері үйлеріне барды. Екі есептен шығару билетін де бердік. Біздің учаске бойынша 2309 дауыс беруші тіркелді. Солардың 70 проценті өз таңдауын жасады. Адамның қарасы көп болды. Бұл жауапты іске келгенде көкшетаулықтардың белсенділігі жоғары болғанын атап өткім келеді.

РКС: Есептелген бюллетеньдер мен толтырылған хаттамалар жоғарыдағы аумақтық референдум комиссиясына жіберіледі.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.