ДИКТОР: Көкшетауда этномәдени бірлестіктер арасында «Qonaqjai Qazaqstan» облыстық фестивалі өтті. Мәдени шара Ақмола облысының аумағында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің достығын, бірлігін және өзара сыйластығын нығайтуды мақсат етті.

РКС: Шараға аймақтағы этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты. Қатысушылар Қазақстанды мекен ететін халықтардың мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, ән мен би арқылы ұлттық өнердің көркем үлгілерін ұсынды. Қазақ, орыс, татар, башқұрт, поляк, әзірбайжан және славян халықтарының мәдениеті сахна төрінде ерекше үйлесім тапты.

СНХ: НАДЕЖДА АЛЫСОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ СЛАВЯН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ЖАНЫНДАҒЫ «РУССКАЯ ОБЩИНА 60+» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Біз облыстық орыс қоғамдастығының құрамына кіреміз. Степногорскіден келдік. Жуырда біз де Масленица мерекесін атап өттік. Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын дәстүрлі мереке. Алдымызда Наурыз мейрамы келе жатыр. Бұл да біздің мейрамға ұқсас, көктемнің келуін білдіретін шаттыққа толы мереке. Осы орайда мен барша Қазақстан халқына денсаулық, бақ-береке тілеймін.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРФУҒА ЖАМАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ: Ұлыстың ұлы күні Наурызымыз құтты болсын. Ақ мол болсын, бейбітшілік болсын. Бүгін мынау біздің қазақ тілі мен мәдениеті қоғам бірлестігінің атынан «Төрлет, Наурыз» деген өлеңнің тұсауын кесіп, қуанышты болып жатырмыз. Наурызға арналған тамаша өлең. Жусубалина Орынтай апамыздың, әнін де, сөзін де өзі жазған. Ол кісі осы қоғамның басшысы ретінде осы өлеңді ұсындық. Тұсауы кесілді. Бүгін бірінші рет орындап шықтық.

РКС: Ұлттық нақыштағы әндер, әсем би қозғалыстары көрерменді баурап, көпұлтты Қазақстанның бай мұрасын көзбен көріп, жүрекпен сезінуге мүмкіндік берді.

СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Бүгін жақсы бір шара өтіп жатыр, этнобірлестіктер арасында. Көп ұлтты мемлекетпіз, бірақ соның ішінде әртүрлі ұлттар өздерінің өнерлерін көрсетіп, сайыс өткізіп жатыр. Бұл дегеніміз руханият, өнер, мәдениет біздерді біріктіреді. Елімізде көпұлтты мемлекеттер тұрады.

РКС: Қазылар алқасының шешімімен «Йолдыз» би ансамблі үздік деп танылды. «Русская община 60+» ансамблі екінші орынға лайық болса, «Гүлдер» би тобы мен «Luna» кавказ би мектебі өзара үшінші орынды бөлісті. Татьяна Кулыгина жеке орындаушылар арасындағы бірінші орын иегері деп танылды. Екінші орынды Марфуға Жаманбаева иеленсе, үшінші орын Жанар Цойға бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен 50, 100 және 150 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар табысталды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ