ДИКТОР:Ақмола өңірінде мемлекеттік тілдің мерейі асқақтап, мәртебесі жыл өткен сайын биіктеп келеді. Бүгінде 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер арнайы тіл үйрету орталықтарында білім алып, қазақ тілінің нәрімен сусындап шықты. Бұл ел руханиятын жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.

РКС:Қалалық тілдерді оқыту орталығы 2012 жылдан бері мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге сүбелі үлес қосып келеді. Орталықтың басты мақсаты мемлекеттік тілді дәріптеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мамандарға қазақ тілін жүйелі әрі сапалы түрде меңгерту. Қалыптасқан тәжірибе мен әдістемелік негіздің арқасында бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр.

СНХ: МӘЛИКА РАХМЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕР ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Осы уақытқа дейін біздің орталығымыз 3700-ден аса тыңдаушыларды оқытып шықты. Олар сертификат алды. Негізі біздің орталық мемлекеттік тілді және ағылшын тілдерін тегін оқытады. Біздің орталық мемлектік мекемелерді оқытады. Күзет басқармасы, ішкі істер басқармасы, құқықтық статистика мекемесі, қазынашылық департаменті,+скл+балабақша, мектептерді оқытамыз.

РКС: Қазақ тілі ұлт бірлігінің негізі, орталыққа келушілердің басым бөлігі өзге ұлт өкілдері.

СНХ: РУСЛАН ЭГАМОВ, ТІЛ ҮЙРЕНУШІ: Менің ұлтым өзбек. Мен қазақ тілін оқып жүрмін. Біз сабақта сөздер жаттаймыз, диолог құраймыз маған тілді үйрену ұнайды.

РКС: Орталықта қазақ тілі сабағы аптасына 2 рет, әрқайсысы 1 жарым сағаттан жүйелі түрде өткізіледі. Тіл үйренушілердің өтініштері мен қажеттілігі ескеріліп, барынша қолайлы жағдай жасалған. Мұның бәрі білім алушылардың мемлекеттік тілді терең әрі тиімді меңгеруіне бағытталған игі іс.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ