ДИКТОР: Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына теріс әсер ететін кесел. Онымен күрес бүгінде жаңа сипат алып, цифрландыру дәуірімен үндесе дамуда. Енді бұрынғыдай қағаз қуалап, табалдырық тоздырудың заманы артта қалды. Цифрлық жүйелер енгізілген сайын адам факторының ықпалы азайып, ашықтықтың айнасы айқындала түсті. Ашықтық пен әділдік қағидаттарын артыру үшін мемлекеттік органдар қызметіне цифрлық құралдарды енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
РКС: Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі толықтай онлайн форматқа көшірілді. Бұл жаңашылдық азаматтарға құжат рәсімдеуді жеңілдетіп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі ашықтықты да арттырды. Жасанды интеллект пен деректерді талдау технологиялары күмәнді қаржылық операцияларды және заң бұзушылықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен Көкшетау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 230-дан астам камера орнатылған.
СНХ: НҰРҚАТ БАТЫРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Негізгі мақсат адами факторды азайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, шешім қабылдау процестерін ашық ету және сыбайлас жемқорлық тәкелділігін төмендету. 2022-2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлық» саясатының тұжырымдаманың аяқталу кезеңінде, алдағы кезде осы тұжырымдаманың негізгі бағытының бірі цифрландыру, сол бойынша да түсіндірме айтылып өтілді.
РКС: Өңірде білім саласында «Bilim class» платформасымен 280 мыңға жуық ата-ана мен оқушы қолданса, 600-ге жуық мектеп алды ұйымдар «Agmola kz» платформасына тіркелген. Ал медицина саласында жүрек ауруы инсультті ерте анықтауға «Cerebra AI»(сэрэбра ай) жасанды интеллект қолданылады. Бұл ақ халаттылардың 40 процент уақытын үнемдейді. Сондай-ақ, «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы аясында 21 дрон іске қосылып, бірнеше аудан қашықтан бақылау жүйесімен қамтылды. Қоғамның сан саласы цифрлық серпінмен жаңарып, халыққа қызмет көрсету үдерісі бұрынғыдан сенімді бола бастады.
СНХ: БАУЫРЖАН МАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылдың ақпанынан бастап цифрлық офицерлер институты енгізілді. Деректер негізінде біз аудандарға, сондай-ақ облыстық басқармаларға цифрлық офицерлерді бекітеміз. Олар аудан әкімінің орынбасары немесе облыстық басқарма басшысының орынбасары деңгейінде тағайындалады. Трансформацияның орталық элементі біздің «Digital Aqmola» орталығы. Бұл барлық салалар бойынша деректерді нақты уақыт режимінде жинауға және талдауға арналған платформа. Ал жасанды интеллектпен жұмыс істеу үшін қуатты құрылымды іске қостық.
РКС: Бұдан бөлек «Аі-комек» бірыңғай байланыс орталығы да халыққа жүйелі қызмет көрсетуде. 1 жылдың ішінде 109 және 112 байланыс нөмірлері арқылы 90 мыңға жуық хабарлама, сондай-ақ, «Таза Қазақстан» цифрлық жобасы аясында шамамен 50 өтінім қабылданған. Айта кетейік Ақмола өңірі «Smart city» рейтингі бойынша 2 жылдың ішінде 13 орынға көтерілді. Ал, «Smart Aqmola» жасанды интеллект жобасы алғашқы «AI Governance Cup» ( ай га́вернанс кап) ұлттық байқауының жеңімпазы атанды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ