ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «ECO Ethno Style» атты қалалық байқау өтті. Ерекше сән көрсетілімі республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігіне айналды. Дәстүрлі жібек пен атластың орнына қатысушылар картон, пластик және полиэтилен қолданды. Қайта өңделген материалдардан оқушылар жарқын ұлттық образдар жасады. Ерекше байқаудың сән-салтанатын тілшіміз Оксана Зинченко айтсын.

РКС: Қаладағы №10 мектеп — экологиялық бағытта білім беретін оқу орны. Сондықтан мұнда өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың басым бөлігі табиғатты қорғауға арналады. Бұл жолы эко-байқауға Көкшетаудағы түрлі білім беру ұйымдарынан 21 қатысушы жиналды. Айта кету керек, ұйымдастырушылар бастауыш сынып оқушыларынан бастап түлектерге дейін барлық жас ерекшелігін ескерген. Қатысушылар картон, пакеттер және дискілерден ерекше киімдер дайындап, дефиле көрсетіп, өз костюмдерінің мән-мағынасы туралы айтып берді.

СНХ: БИБІГҮЛ КӨПЖАСАРОВА, №10 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қайталама шикізатты шығармашылыққа қолдану мәселесі оқушылар мен ата-аналарға өте қызық болды. Пластик, целлофан материалдарын костюмге қолдану әдістерін көрсеттік. Балаларға да, ата-аналар үшін де қызық болды деп ойлаймын. Сондықтан қалалық аумақта осындай байқау өткізейік деп шештік. Көздеген басты мақсатымыз – табиғат-Анаға деген махабатты, қоршаған ортаға деген қамқорлықты ояту. Бүгін байқауды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен ұштастырдық.

РКС: Үздік костюмдерге қазылар алқасының құрамына енген ұлттық парктің қызметкерлері баға берді. «Көкшетау» ұлттық табиғи парты мен қалалық білім бөлімі жыл сайын шаһар мектептерімен бірлескен жұмыс жүргізеді. Жыл озған сайын мұндай шараларға қызығушылықпен қатар оқушылар саны да артып келеді. Мысалы, былтыр «Парктер маршы» экологиялық акциясына қала мектептерінен 2 мыңға жуық оқушы қатысты.

СНХ: ДАНАР ЗІКІРИНА, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ РЕКРЕАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ: Байқауға қатысушыларда бір мін жоқ, бәрі керемет. Үздікті таңдау да қиынға соғады. Экологиялық ағартуға және осындай шараларға балабақша мен мектептердің, университеттердің ерекше назар аударып отырғаны қуантады. Бір кісідей жұмылып, белсенділік танытуда.

СНХ: МАРГАРИТА ЧАПРАСОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен Қазақстанда тұрамын, менің Отаным. Сондықтан мен осы костюмді дайындадым. Полиэтилен пакеттерден әдемі образды өз қолыммен құрастырдым. Көгілдір түс көк аспанды, ал өю-өрнектер күн мен жазық даланы бейнелейді.

РКС: Байқауға қатысушылардың бірі - Жанерке Оразбай. Ол өзінің костюмін құрастырған кезде қырғыздың билеушісі Құрманжан Датқаның бейнесінен шабыт алған. Ол өзінің киімі арқылы кейіпкердің тарихи мәнін, заманауи экологиялық идеяларын да жеткізуге тырысты.

СНХ: ЖАНЕРКЕ ОРАЗБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Біз бүгінгі конкурстың шартын жай ғана орындап ретінде емес, үлкен мүмкіндік ретінде қабылдадық. Себебі экоматериалдар табиғатты қорғаудың нақты шешімі. Білдимше, ішкі белдемше картоннан жасалған. Қанаттар еркіндіктің белгісін білдіреді. Бұлар да қағаз картоннан жасалған. Киюдеше табиғаттың жүнінен жасалған. Олар қайта өңделетін адамға зиянсыз мойыңға болатын нәрсе. Бас киім рухтың белгісін білдіреді. Қорытынды айтсақ, әр халық өз жерін қадірлеуі керек. Егер біз табиғатқа жауапкершілікпен қарасақ, біздің болашақ ұрпақ еліміз ортақ болады.

РКС: Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Енді олар жыл сайын өтетін «Парктер маршы» халықаралық акциясының жабылуына қатысады. Аталған шараны «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өткізеді. Ол жерде аймақ тұрғындары мен мектеп оқушылары табиғатты қорғауға қатысты өздерінің тың бастамаларын көпшілік назарына ұсынады.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ