ДИКТОР: Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес Ақмола облысында 80 процентке жуық адам жалпыхалықтық референдумға қатысты. Ал, Мәлік Ғадбуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясындағы №15 референдум учаскесінде 1769 адам дауыс беруші тіркелген. Жалпыхалықтық референдумда қанша адам келіп дауыс берді? Тілшіміз Лаура Елубаева біліп қайтты.
STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Шаһардағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп гимназиясындағы №15 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Қазір менің артымда комиссия мүшелері жәшікті ашып, бюллетень санауға кірісті. Жалпы, бұл учаскеде 7 комиссия мүшесі, 3 байқаушы және хатшы референдум барысын қатаң қадағалап отырды.
СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, №15 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:///қаз///Бүгін 1390 келіп өз даусын берді. Енді салыстыра кетсек биылғы жылы адамдар өте қарқынды келді деп айтуға болады. Жастар көп келді. Отбасылар мүшесімен де келіп жатты тіпті. Егде жастағы адамдар да келді. Сонымен қатар, бізде денсаулығына байланысты 5 адам болды. Үйлеріне бардық, дауыстарын берді. 38 бірінші рет дауыс берушілер.
РКС: Байқаушылар дауыс беру процесінің заң аясында өтуіне ерекше назар аударып, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының талаптарға сай жүргізілуін қатаң бақылауда ұстады.
СНХ: МЕДЕТ ЖЕМБАЙ, БАЙҚАУШЫ: Бүгінгі референдумда таңнан бері жүрміз. Бәрі жақсы жағдайда өтті. Ешқандай да заңбұзушылықтар, теріс қылықтар байқалмады. Бәрі ойдағыдай болды. Адамдардың да көңіл-күйі өте жақсы болды.
РКС: Заң бойынша референдум қорытындысы 7 күннен кешіктірілмеуі қажет. Яғни, наурыздың 21-іне дейін жалпыхалықтық референдум қорытындысы жарияланады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ