ДИКТОР: Жақсы ауданы бойынша ашылған 27 референдум учаскесінде 10 мыңнан астам адам тіркелген еді. Учаскелерде құпия дауыс беруге жағдай жасалып, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы мүмкіндіктер, сондай-ақ жәрмеңкелер мен музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды», – деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясы.

РКС: №477 референдум учаскесінде 7 комиссиясы мүшесі жұмыс істеді. Дауыс беру штаттық режимде ұйымдастырылды. Учаскелік референдум комиссиясының төрайымы дауыс берушілер тарапынан ережелерді бұзу, шағым немесе ұсыныстар түспегенін атап өтті.

СНХ: ЖАНАР БЕРЛІБЕКОВА, № 477 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: № 477 учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Сезімтал плиталар төселіп, брайль қарпімен жазылған тақтайшалар ілінген. Сондай-ақ, лупа мен компьютер орналасқан арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Үйден дауыс беру қамтамасыз етілді. Бұл ретте біздің учаскеге 7 өтініш түсті.

РКС: Учаске бойынша сайлаушылардың саны 1100-ге жуық болды. Дауыс беру белсенді өтті, аудан тұрғындары өз азаматтық позициясын білдірді.

 СНХ: СӘУЛЕ БЕКҚАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мен сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, саналы түрде өз таңдауымды жасадым. Дауыс бермес бұрын Конституция жобасымен толық таныстым, өйткені қабылданатын шешімнің маңызын түсіну керек деп ойлаймын. Еліміздің болашағы мен үшін өте маңызды. Әр азаматтың осындай шараларға қатысуы – мемлекеттің дамуына қосқан үлесі деп білемін.

РКС: Референдум күні аудан бойынша 27 учаскелік және бір аумақтық референдум комиссиясы жұмыс істеді, 150 комиссия мүшесі қызмет атқарды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.