ДИКТОР: «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде орналасқан №33 референдум учаскесінде дауыс беру процесі Заңға сәйкес жүргізіліп, тұрғындар өз таңдауын жасады.

STAND-UP: ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТІЛШІ: Біз дәл қазір Көкшетаудағы дауыс беру учаскелерінің бірінде тұрмыз. Дауыс беру барысының ашық әрі әділ өтуін 7 байқаушы қадағалап отыр.

РКС: Олар референдум процесінің барлық кезеңін бақылап, талаптардың сақталуына назар аударуда. Учаскелік комиссия мүшелері келушілерге бағыт-бағдар беріп жатыр. Бұл учаскеде тіркелген 1262 дауыс берушіге 4 кабинка орнатылды.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ СӘДУАҚАСОВА, № 33 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Кабинканың біреуі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы орналастырылған. Одан кейін мүмкіндігі шектеулі адамдарға бұрыш, ол жерде ноутбук, Конституцияның сұрақтары жаңағы қарастырылып жатқан, олар тыңдауға мүмкіндік бар, және де бюлеттеньді де тыңдауға мүмкіндік қазақша, орысша екі тілді мүмкіндік бар. Одар кейін брайль кестесі бойынша оқуға болады, танысып. Бүгінгі күні бізде үш адамнан үйде дауыс беруге өтініш қабылданды.

СНХ: ТОҚТАР АЙШИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы Конституциямыз мына халқымызға әдилеп, арнап, жеңілдік болып деген сияқты. Қазақстанымыз алға бассын. Көк туымыз биіктен көрінсін. Бұл өте бір жақсы нәрсе. Елімізге тыныштық берсін. Баянды бірлік, жарасты тірлік берсін. Жастарымыз өсе берсін, соғыс деген болмасын. Алла тыныштығын беріп, осы ораза айында референдум болып жатыр. Бәрі қабыл болсын. Жастарымыз өсе берсін. Оқулары ғылымды, білімді болсын. Жақсылық болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Қазақстанымыз аман болсын.

РКС: Тізімдегі дауыс берушілердің 25-ке жуығы кәмелеттік жасқа енді толған жастар. Солардың бірі – Мархаба Құсмет. Ол өзінің сезімімен бөлісіп, елдің болашағы үшін жауапкершілікпен таңдау жасағанын айтты.

СНХ: МАРХАБА ҚҰСМЕТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде оқып жатырмын. Мен бүгін осы референдумге бірінші рет келдім. Дауыс бердім. Және де маған осындай сыйлық берді. Кішкентай да болса да өз үлесімді қосып жатырмын. Қазақстан өседі, гүлденеді деп сенемін.

РКС: Айта кетейік, қала бойынша 79 референдум учаскесі жұмыс істеді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ