ДИКТОР: Көкшетау техникалық мектеп-лицейінде орналасқан №804 референдум учаскесі сағат 20:00-де жабылып, өз жұмысын аяқтады. Мұнда учаскелік комиссиясының 9 мүшесі жұмыс істеп, келушілерге көмек көрсетті.

РКС: №804 референдумға дауыс беру учаскесіне жоспар бойынша тіркелген 2 мың 619 адам, оның ішінде 72 жаңадан дауыс беруші бар.

СНХ: МАРАЛ ШӘМЕНОВА, №804 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгін біз үшін өте маңызды күн. №804 референдум участогі жаңа участок. Біздің участогімізде 2619 азамат дауыс беруге құқылы. Соның ішінде 72 жаңадан дауыс беруге қатысқан азамат пен азаматша. Жалпы сайлаудың әділ және Заңға сай өтуіне 6 акредиттелген қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар қатысты. Сонымен қатар тұра сағат 7-де өз жұмысымызды бастап, бастаған сәттен халық келе бастады. Сонымен қатар референдум участогімізге 14 мүмкіндігі шектеулі азамат қатысты. Соның ішінде есту қабілеті төмен 4 азамат, және 7 азамат көру қабілеті төмен. Сонымен қатар арба қолданушылар да келіп өздерінің дауыстарын берді.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Таңғы сағат жетіден бастап дауыс беру процесін қадағалап отырған 6 байқаушы референдум талаптарын сақталуына назар аударып жұмыс істеді. Жалпы бүгінгі референдум, дауыс беру процесі қалай өтті, бұл туралы байқаушыдан біліп алайық.

СНХ: РАЙХАН ҚАЛИБЕКОВА, БАЙҚАУШЫ: Мен Қалибекова Райхан, №804 участоктің «Ел дауысы» қоғамдық қорының байқаушысымын. Бүгінгі сайлау таңғы алтыдан уақытымен басталды. Комиссия мүшелерімен таныстырылып, жәшіктер, кабинкалар барлығы тексеріліп, көрсетілді. Бюллетеньдері таратылды. Бүгінгі сайлау әділ және ашық түрінде өтті. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Айта кетейік, жалпы қала бойынша бүгін 79 референдум учаскесі жұмыс істеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ